Алматының Әуезов ауданында 8-15 қаңтар аралығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі және ірі сауда орталықтарында жеңілдіктер маусымы өтеді

Алматының Әуезов ауданында 8-15 қаңтар аралығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі және ірі сауда орталықтарында жеңілдіктер маусымы өтеді
Алматыда жаңа жылдық іс-шараларды мерекелеу аясында ертеңгіліктерге тыйым салынды. Сонымен бірге, Әуезов ауданында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 3,5 мыңнан астам бала сыйлықтармен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
 
Сондай-ақ, аудан әкімі Ескі Жаңа жылды атап өту жоспарларымен бөлісті.
 
«Ескі Жаңа жыл аясында ауданымыздың кәсіпкерлері, аудан аумағында орналасқан сауда үйлері 8 қаңтардан бастап қаңтар айының 15-не дейін жеңілдіктер маусымын жариялайды. Сондай-ақ, Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында Алматы облысы фермерлерінің өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады», — деді аудан әкімі.
 
Әуезов ауданында барлығы 5 ірі сауда-ойын-сауық орталығы бар (Moskva metropolitan, Asia Park, Sputnik mall, Almaty mall, Grand Park), әрбір сауда нысанында Ескі Жаңа жылға арналған жеңілдіктер өткізіледі, атап айтқанда:
• Moskva Metropolitan — киім бутиктерінде акция, маусымдық коллекцияға 50% дейін, LC Waikiki киім бутигінде жеңілдіктер 70% дейін жеңілдіктер өткізеді; 
• Asia Park — «Жаңа жылдық SALE» акциясын өткізеді, онда СОО жанындағы бутиктерге сертификаттар түрінде 17 жүлде ойнатылады, сондай-ақ, киім бутиктерінде маусымдық акция 10%-дан 30%-ға дейін;
• Sputnik Mall — Magnum VISA компаниясымен бірлесіп автокөлік ұтыс ойыны бойынша акция, фудкорт аймағында тамақты жеткізіп беруге акция, бутиктерде маусымдық киімге 10%-дан 30%-ға дейін акция іске қосылды;
• Almaty Mall — «Kinoplexx» кинотеатры СОО жанында тамақты жеткізіп берумен бірге Rixos Aktau-ға жолдама беру акциясы, «Solido» аксессуарлар бутигінде 50%-ға дейін акция, «Koton» бутигінде 80%-ға дейін, басқа бутиктерде 30%-ға дейін акция; 
• Grand Park — сауда нысанында әр аймақта 70%-ға дейін жеңілдіктер жүргізіледі, «Kari» бутигінде 2 затқа бір зат үшін төленгендей төленеді. 
 
Сонымен қатар, ауданда 17 сауда үйі және 4 Сауда орталығы орналасқан, олардың кейбіреулерінде акциялар өткізіледі:
• Armada — сауда нысанында промо-аймақ бар, онда жиһаз жеңілдікпен қойылған, сондай-ақ British Asia Home-де акция өткізіледі, онда ақшалай сыйлыққа сертификат ойнатылады;
• Mechta электр тауарлар дүкенінде — 70%-ға дейін сатып алу үшін cashback есептеу науқаны;
• Алтын базар — зергерлік бұйымдарға 20% дейін жеңілдіктер, Аrmat Jewelry House бутикінде 33% дейін акция және жолдама ұтыс ойыны;
• Үш Сұңқар-маусымдық киімге 50% дейін жеңілдік.