Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында қала тұрғындарына коронавирус инфекциясын жұқтыруды азайту бойынша ұсыныстар айтты. Олардың ішінде бетперде-қашықтық режимін қатаң сақтау бар.
Ж. Бекшин атап өткендей, жұқтыруды азайту үшін бұрынғыдай үй-жайларда да, ашық ауада да адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тарту, бетперде-қашықтық режимін қатаң сақтау қажет. КВИ науқастарымен және жұмыс орны бойынша байланыста болған адамдар үйде қалуы және тегін негізде тексеру үшін телефон арқылы өз емханасына хабарласуы қажет.
«Алматы қаласының азаматтары мен қонақтарына ЖРВИ белгілері пайда болған кезде дәрігерді үйге шақыртуды, зейнеткерлерге аса қажеттілік туындамаса, үйден шықпауды ұсынамын», — деді Жандарбек Бекшин.
Анықтама үшін: Әлемде эпидемиологиялық ахуалдың ушыға түскені және карантиндік шаралардың күшеюі байқалады. Атап айтқанда, Израильде коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты жаңа карантин енгізілді, онда 2021 жылдың 7 қаңтарынан бастап бір бөлмеде бес адамнан артық адамның болуына болмайды. Өмірлік маңызы бар нысандарды қоспағанда, барлық кеңселер мен кәсіпорындар жабылады. Тұрғылықты жерінен алыстау үшін 1 километр шектеу қолданылуын жалғастырады. Желілердегі автобустар саны 50%-ға қысқарады. Дәмханалар мейрамханалар тұтынушыларға тамақты үйге жеткізіп бере алады. Take away режиміне тыйым салынды. Елде тәулігіне сегіз мыңға жуық коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғасы тіркелген.
Сәрсенбіде Англияда өткен жылдың наурызындағы, бірінші локдаун енгізілген кездегі ең қатаң шектеулер ресми түрде күшіне енді. Олар биліктің халыққа үйде болуға және қажет болған жағдайда ғана үйден шығуға, сонымен қатар мектептер мен университеттерде сабақтарды тоқтату туралы үндеуін қамтиды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Англияда әрбір 50-ші адам, ал Лондонда бұл сан жоғары, яғни, әрбір 30-шы адам вирус жұқтырған.
Бейжің коронавирусқа қатысты дүрбелеңге байланысты 21 күндік карантин саясатын енгізуде. Қала билігі Қытай астанасына шетелден келген адамдар 21 күн — бұрынғыдан жеті күн ұзақ уақыт карантинде болуы керек деп мәлімдеді. Алғашқы 14 күнді үкімет тағайындаған мекемеде өткізу керек болса, қалған аптаны жергілікті биліктің рұқсатымен жеке үйде өткізуге болады.
Ирландия карантиндік шараларды күшейтуде: елде мектептер мен құрылыс алаңдары жабылуда. Шектеу үш апта бойы әрекет етеді. Бұрын Ирландияда қонақүйлер мен дүкендердің жұмысына шектеу енгізілген болатын. Көптеген сауда кәсіпорындары тауарларды жеткізіп беру режимінде жұмыс істейді. 2021 жылдың 6 қаңтары күнгі кешкі жағдай бойынша елде 121 154 адам COVID-19 жұқтырды.