Қала тұрғындарын оқшауланудан бас тартпауды сұраймыз — Ж. Бекшин симптомсыз науқастарға жүгінді

Қала тұрғындарын оқшауланудан бас тартпауды сұраймыз — Ж. Бекшин симптомсыз науқастарға жүгінді
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин азаматтардан мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауды және вирустың бөлінуі тоқтағанға дейін оқшауланудан бас тартпауды сұрады.
 
Бас санитар дәрігердің айтуынша, КВИ жұқтыру орындарының құрылымында ауырғандардың 44%-ы және отбасыларда — 28% жұқтырған қоғамдық орындарда (сауда және қоғамдық тамақтану нысандары, базарлар) жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары, бұл ретте соңғы аптада 2020 жылғы 25 желтоқсаннан басталған карантиндік стационарларда КВИ-ның жеңіл және симптомсыз түрлерімен ауыратын науқастарды оқшаулау нәтижесінде отбасындағы байланыстар бойынша ауырғандардың үлес салмағы 7,1%-ға төмендеді. 
 
«Сонымен бірге, егер ауруханаға жатқызудан бас тарту және отбасы мүшелері арасында жұқтырудың жалғасуы болмаса, бұл шараның тиімділігі жоғары болар еді. Осыған байланысты азаматтардан осы мәжбүрлі шараға түсіністікпен қарауды және вирустың бөлінуі тоқтағанға дейін оқшауланудан бас тартпауды сұраймыз», — деп атап өтті Ж. Бекшин.