Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев COVID-19 бойынша статистиканы жариялады.
Алматыда пандемия басталғалы бері КВИ-дің 19 138 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте 105 жаңа жағдай анықталды. Қазіргі уақытта сауығып шыққандар — 17 638 адам, бұл жұқтырған барлық жағдайлардың 90% құрайды.
Н. Табынбаевтың айтуынша, коронавируспен күресуге бағытталған уақтылы қабылданған шешімдер өз нәтижесін беруде. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі азайды, бүгінде 1261 төсек жұмыс істейді, бұл ретте жалпы санының 68%-ы немесе 5 145 төсек-орын резервте тұр. Қазіргі уақытта тәулігіне орта есеппен 40-тан 50-ге дейін пациент ауруханаға жатқызылады.
Пандемия кезеңінде коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны — 389 адам, өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 0,2%-ды құрады. Алматы өңірлер бөлінісінде Нұр-Сұлтан, Батыс, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан кейін 5-ші орын алады. Қатысушылардың орташа жасы — 65-80 жас.
Бізде реанимация бөлімшелері 50% жұмыс істейді. Бастапқы саны 80 реанимациялық төсек-орын болса, оларды 110-ға дейін арттыруға тура келді. Айта кету керек, инфекцияланған КВИ арасында көптеген қатар жүретін аурулары бар науқастар саны айтарлықтай өсті. Әр ауру үшін 4-5 ауыр асқынған патологиялары болады, олардың өршуі өлімге әкелуі мүмкін.
«Сондықтан қала тұрғындарынан үйден сирек шығуды, адамдар көп жиналатын орындарға бармауды, өзін-өзі емдемеумен айналыспауды және алғашқы белгілері болған кезде білікті медициналық көмекке жүгінуді сұрағым келеді», — атап өтті Н. Табынбаев.
Ол бүгінде науқастарды ковидті клиникаларға жатқызу қатаң түрде Жедел медициналық жәрдем қызметі арқылы жүзеге асырылатынын еске салды.
Жедел жәрдем жұмысында жүктеменің төмендеуі байқалады, КВИ және пневмониямен ауыратындар саны 69%-ға азайды.
Анықтама үшін: егер 2020 жылы 15 маусым мен 5 шілде аралығында Алматы қаласында ең жоғары көрсеткіш тәулігіне 8000 өтініш, 5000 қоңырау болса, бүгінде 2500 өтініш, 1700 қоңырау түсті.