«Жұқтырудың 7%-ға өсуі жеңіл және орташа ауырлықтағы симптомдары бар пациенттердің есебінен жүріп жатыр» — Алматыда АМСК деңгейінде әлеуетті арттыруды жалғастыруда

«Жұқтырудың 7%-ға өсуі жеңіл және орташа ауырлықтағы симптомдары бар пациенттердің есебінен жүріп жатыр» — Алматыда АМСК деңгейінде әлеуетті арттыруды жалғастыруда
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте COVID-19-ға қарсы күрес бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде әлеуетті арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
 
Н. Табынбаев атап өткендей, бүгінде 691 адам медициналық бақылауда — 278 симптомсыз және 413 науқаста аурудың жеңіл белгілері бар. Соңғы екі аптада осы санаттағы пациенттердің саны бір деңгейде — 650-ден аспаған. Жұқтырудың 7%-ға өсуі жеңіл және орташа ауырлықтағы симптомдары бар пациенттердің есебінен жүреді.
 
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы COVID-19-ға қарсы күрес бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде әлеуетті арттыруды жалғастыруда. Егер 2020 жылдың маусымында мобильді бригадалардың саны 72 болса, бүгінде олардың саны 298-ге жетті. Тартылған мамандар саны 5 есеге артты.
 
Сонымен қатар, амбулаториялық емделуде жатқан COVID-19 бар пациенттерді жүргізу бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарын қолдау мақсатында телемедицина орталығы құрылды. Оның мақсаты — қауіп тобындағы науқастарды — бұл қарт адамдар мен жанама аурулары бар науқастарды қашықтықтан бақылау және кеңес беру. Соңғы екі айда 1 қарашадан 4 қаңтарға дейін орталық мамандары 10 000-ға жуық кіріс қоңырауларын қабылдап, 40 000-ға жуық шығыс қоңырауларын жасады.
 
Жұмыс ковидті пациенттерге көп көңіл бөле отырып, жоспарлы пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына әсер етпейтіндей етіп құрылған. КВИ-ның теріс нәтижесі болған жағдайда азаматтар емхана дәрігерінің жолдамасы бойынша ем ала алады. Бұл ретте, ПТР-тестілеуді емхана тегін жүзеге асырады, тесттің қолданылу мерзімі 5 күнді құрайды.
 
«Біз пациенттерге қандай қамқорлық көрсетсек, сол сияқты әріптестерімізге де қамқорлық көрсетеміз, сондықтан ПТР жасай отырып, біз, бірінші кезекте, олардың жұқтыру қаупін азайтамыз. Шұғыл жағдайда ауруханаға жатқызу кезінде ПТР стационарда жүргізіледі», — деді Н. Табынбаев.