Алматы әкімі «Кайрат» футбол клубын Қазақстан кубогіндегі жеңісімен құттықтады

Алматы әкімі «Кайрат» футбол клубын Қазақстан кубогіндегі жеңісімен құттықтады

Алматы әкімі барша ұжымның тындырымды еңбегі және жанкүйерлердің тұрақты қолдауы арқасында алматылық клубтың осымен сегізінші рет жүлделі трофейдің жеңімпазы атанғанын атап өтті.

«Футбол – барынша танымал ойындардың бірі, ал «Қайрат» - ауладан шыққан еліміздің әйгілі клубтарының бірі. Жеңіс қашанда жанкүйелердің рухын көтереді, ал ұлдарды жастайынан спортпен айналысуға жетелейді», - деді мегаполис әкімі.

Мегаполис әкімі қалада қажетті инфрақұрылымның жасалғандығын, ірі халықаралық жарыстардың жиі өтетіндігін айтты. Өткен жылдан бері бұқаралық спортты қолдау мақсатында «Спорттық Алматы» бағдарламасы іске асырылуда, 280 аула алаңдары салынды, биылғы жылы тағы да 450 алаң салынуда, оның ішінде кіші футбол алаңдары да бар. Сонымен қатар, «Менің ауламның спорты» бағдарламасы да жүзеге асуда, ол 6 мыңнан астам баланы қамтуда.