Алматыда тұрғын үй қорын ұстаудың жаңа Ережесі қабылданды

Алматыда тұрғын үй қорын ұстаудың жаңа Ережесі қабылданды

Ережені жасау барысында тұрғындардың барлық мәселелері қабылданды, атап айтқанда басқару органдарының жұмысы жөнінде қалалықтардан түскен 3 мыңнан астам арыз- шағым сарапталды, жоба Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің, Алматы қаласы ПИК-тер Ассоциациясының және ынталы мемлекеттік органдардың ұсыныстарына негізделді.

Көптеген тұрғындар өздерінің құқықтары мен міндеттерін біле бермейтіндіктен қабылданған Ереже қалалықтардың туындаған мәселелерді шешудегі механизмі болып табылады. Ережеде нақтылы процедуралар белгіленген, олар:есептер, жиналыстар мен жазбаша сұрау салудың мерзімі, әрбір МЖД туралы жеке баланстар көрсетілген, ал бұл тұрғындардың басқару органдарына деген сенімін арттырып, ПИК-тар жұмысының жариялылығын қамтамасыз етеді, жиналыстар өткізуде тұрғындар мен органдардың әрбір қадамын белгілейді.

Тексеру комиссиясының рөлі артып, үйлерге ағымдағы және күрделі жөндеулер өткізудің реті де ұсынылған.

Тұрғын үй басқармасы бұл Ереже қаланың тұрғын үй қоры саласын жақсартуға жаңа серпін беретініне және түрлі проблемаларды ойдағыдай шешуге ықпал ететініне сенімді.

Бүгін Ереже Алматы қаласының Әділет басқармасында арнайы тіркеуден өтті және 2017 жылдың 23 қазанынан бастап күшіне енетін болады.