«Қоғамдық кеңістік құру бойынша әкімдіктің ең ауқымды жобаларының бірі» — Н. Ливинская «Желтоқсан» саябағы туралы»

«Қоғамдық кеңістік құру бойынша әкімдіктің ең ауқымды жобаларының бірі» — Н. Ливинская «Желтоқсан» саябағы туралы»
Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен «Желтоқсан» саябағы ашылды. Ашылу 2020 жылдың 13 желтоқсанында өтті. Жаңа саябақ Түрксіб ауданының Жас қанат және Маяк шағын аудандарының аумағында орналасқан. Аумағы бойынша (100 га) саябақ қаладағы ең үлкен үштіктің бірі және қаланың солтүстік бөлігіндегі ең үлкені болып табылады.
 
Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская бұл әкімдіктің қоғамдық кеңістік құру жөніндегі ең ауқымды жобаларының бірі екенін атап өтті. Бұрын аумақ абаттандырылмаған және қараусыз қалған, ал көгалдандыру құлдыраған. 
 
«Пандемияға қарамастан, 2020 жылы біз аумақты абаттандыру және жасыл қорды сауықтыру жұмыстарының бірінші кезеңін бастадық. Мұнда асфальтбетон, спорт алаңдарына арналған резеңке жабын, төсем төселді. Жаяу және велосипед жолдары мен жолдар жасалды. Спорттық және балалар алаңдары ұйымдастырылған. Аумақта 125 орындық пен 130 қоқыс жәшігі орнатылды», — деді Наталья Ливинская.
 
Саябақтың ашылу күнінде 100 қылқан жапырақты ағаш отырғызылды — бұл қарағай, көк шырша және Тянь-Шань шыршасы. Көгалдандыру алаңы — 23 мың ш. м. Басқармада хабарланғандай, аумақты көгалдандыру келесі жылы да жалғасады.