
Мұз айдындарын қаланың барлық қонақтары мен тұрғындары тәулігіне 24 сағат бойы пайдалана алады. Сырғанайтын жерлерде келушілер үшін тамақтанатын орындар мен конькийлерді жалға алу ұйымдастырылған.Конькийлерді 1 сағатқа жалға алу құны 600 теңге. Жалға беру орындары жай күндер таңғы сағат 10-нан түнгі 22.00-ге дейін, ал демалыс күндері күндізгі сағат 12.00 ден 00.00-ге дейін істейді.
«Мұз, балалар, спорт алаңдары қалалықтардың таза ауада спортпен шұғылдануларына жақсы жағдай жасайды. Мұз айдындарына өз конькийлерімен келіп, отбасымен бірге сырғанауға болады», - деп атап өтті Алматы әкімі Б.Байбек.

Айта кетерлігі, Алматыда соңғы екі жылда 732 аула алаңдары абаттандырылды. Бұл - қаладағы әрбір бесінші аула.«Менің ауламдағы спорт» бағдарламасы аясында 6 мың бала кәсіби нұсқаушылармен бірге аулалардағы 75 спорт алаңдарында жаттығуда. 2020 жылға дейін қаланың барлық 600 спорт алаңын қамту жоспарланған.