
Сегодня алматинский метрополитен отмечает свое пятилетие со дня ввода в эксплуатацию. Праздничный вечер, приуроченный к юбилейной дате, посетил аким мегаполиса Бауыржан Байбек.
Бүгін Алматы метрополитені пайдалануға берілгеніне бес жыл толуын атап өтуде. Осы мерейлі датаға орайластырылған мерекелік кеште мегаполис басшысы Бауыржан Байбек те болды.
Алматы әкімі өзінің құттықтау сөзінде заманауи мегаполисті метросыз елестету мүмкін еместігін әрі қала қуатының артуына орай іске қосылғандығын, оның озық технологиясы мен өміршеңдігін атап өтті.
«Алматы метросының өзіндік тарихы бар. Оның құрылысы сонау 80-ші жылдары басталып, Мемлекет басшысының жеке қолдауы арқасында тәуелсіз Қазақстанда пайдалануға берілді. Тіпті, дағдарыс кезінде де жобаны қаржыландыру жалғасып жатты», - деді Б.Байбек.
Іске қосылған кезден бері қарай метроның қызметін 40 миллион тұрғындар мен қала қонақтары пайдаланған. Жыл сайын жолаушылар легі 20% -ға артуда.
Метроны Абай даңғылының астынан Яссауи көшесіне дейін одан әрі дамыту жоспарда бар. 2020 жылға дейін «Сарыарқа» , «Достық» бекеттері іске қосылатын болады. Алдын ала болжам бойынша күн сайынғы жолаушы легі - 85 мың адам. «Қалқаман» және автовокзал «Западный» бекеттерін салу қарастырылған, сол кезде жолаушылардың күн сайынғы легі 120 мың адамнан асады.