Алматыда кәсіпкерлерге қызмет көрсететін жаңа Орталық ашылды

Алматыда кәсіпкерлерге қызмет көрсететін жаңа Орталық ашылды

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек кәсіпкерлерге қызмет көрсететін жаңа Орталықтың жұмысымен танысты. Ашылып отырған үшінші КҚКО мегаполистің тыныш ауданында орналасқан, бұл тұрғындардың шағын және орта бизнеске белсенді түрде араласуы барысында іске асып отыр.

Орталықта кәсіпкерлер субьектілеріне бухгалтерлік, салық, маркетинг, кедендік рәсімдеу және басқа да салалар бойынша арнайы мамандар, заңгерлер тегін көмек көрсетеді.

Мегаполис басшысы Алматының бизнес пен жеке капитал қаласы екенін атап өтті. Ол өзінің сөзінде биылғы жылы шағын және орта бизнесті несиелеу 36%-ға артқанын, өндіріс орындарының 30 пайызға көп өнім шығарғанын айтты.

«Егер ірі компанияларда түрлі бағыттар бойынша жұмыс істейтін арнайы мамандар болса, шағын және орта бизнесте бұлар жоқтың қасы, нарықта жаңа ойыншылар да жиі пайда болады, көпшілігінің бұл істе тәжірибесі де жоқ, сондықтан тегін әрі жоғары білікті көмек өте қажет. Осылайша, кәсіпкерлік мәдениеті, түрлі салалардың өзара ынтымақ деңгейі артады», - деді Б.Байбек.

Сонымен қатар, мұнда келгендерге Алматы қаласы инвесторларына қызмет көрсету Орталығының мамандары кеңес береді әрі әр жоба бойынша қолдайды.

Жалпы, жыл басынан бері қарай шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне екі орталықтан 6233 қызмет көрсетілген. Мемлекеттік органдар және табиғи монополиялар тарапынан 282 қызмет көрсетілген. Биылғы жылдың тамыз айынан бастап қадағалаушы органдармен кәсіпкерлер тікелей байланысқа шығу мүмкіндігіне ие болды, «Прокуор кабинеті» ашылып, Алматы қаласы прокуратурасының мамандары кәсіпкерлер қызметіне негізсіз араласу мәсеелесі бойынша тұрақты кеңес- көмек көрсетіп келеді.