«Halyk Arena» жаңа стадионы алматылықтарды ақысыз сырғанақ тебуге шақырады

«Halyk Arena» жаңа стадионы алматылықтарды ақысыз сырғанақ тебуге шақырады

Көпфункционалды мұз кешені «HalykArenа» атауын қала әкімдігі мен еліміздегі ірі коммерциялық банк – Қазақстанның Халық банкінің (HalykBank) мемлекеттік және жеке серіктестігі аясында алды. Бұл- спорттық нысанға неймингтік демеушіліктің қазақстандық алғашқы тәжірбесі.

Алматы спорттық нысандар Дирекциясының басшысы Сергей Апенконың айтуынша, қала тұрғындарының спортқа деген қызығушылығын арттыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда нақтылы шаралар жүзеге асуда.

«Дирекция алдында ірі міндеттер тұр. Спорттық нысандар ақыларын өтеу, олар- екі арена мен Атлеттер ауылы, барша әлемдегідей мемлекеттік қамтамасыз етуді 30%-ға дейін азайту қажет. Ең бастысы – Универсиада обьектілерін жарыстар аяқталған соң тұрғындар игілігіне пайдалану, олар пайда әкелулері, тұрғындардың жиі келетін демалыс орындары болулары тиіс», -деді С.Апенко.

Өз кезегінде Қазақстанның Халық банкі басқармасы төрағасының орынбасары Аслан Талпаков   Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында, 18 қарашадан 31 желтоқсанға дейін «HalykArenaда» демеушілердің «Halyk»қорының бастамасымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаппай тегін сырғанаулар ұйымдастырылады.

«Осындай ғажап нысанды қаржыландыру барысында қала басшылығына қолдау көрсетіп, біз ең алдымен оңтүстік астанада бұқаралық және балалар спортының дамуына ерекше мән бердік. Біз жаңа арена қалалықтар үшін қысқы спортқа деген қызығушылықтың оң позитиві болады деген сенімдеміз. Маркетингтік сипатта біз - еліміздегі коммерциялық неймингтің пионеріміз. Басқа да коммерциялық құрылымдарға үлгі әрі бренд ретінде екі жаққа да пайдалы және қала мен оның тұрғындары үшін ұтымды»,– деді ол.

«HalykArenaның» жалпы алаңы – 67,5 гектар. Үш блоктан тұрады, негізгі арена 3000 мың көрермендік, мұнда жайылмалы мұз айдыны, фудкортты орталық блок, әкімшілік бар. Аренаның хоккей кортын түрлі спорт ойындары – волейбол, баскетбол, футзал, күрес, бокс үшін пайдалануға болады, ол басында солай жобаланған. Мұздың қауіпсіздігін термотөсеніш қамтамасыз етеді. Кешеннің техникалық қондырғылары түрлі мәдени- сауық шараларын өткізуге мүмкіндік береді, жыл ішінде кешенде 150 мың көрермен бола алады.

HalykArenaның басты міндеттерінің бірі – әлемнің ірі спорт ареналарындағыдай жанкүйерлерге барынша жайлы жағдай жасау. Трибуна геометриясы, оның аренаға жақындығы түгел ескерілген. Осының арқасында барлық көрермендер трибунаның әр нүктесінен төменгі және жоғары ярусты жақсы көре алады. SwissTiming компаниясының төрешілер үшін қондырығысы да қойылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де барлық жағдайлар жасалған.Аренада тамақтанудың 7 нүктесі бар. Жоғарғы ярусқа өте жайлы 11 корпоративті ложа қойылған.

Универсиада кезінде хоккейден жарыс өтеді. Одан соң «HalykArena» «Алматы», «Айсулу» хоккей клубтарының екінші үйлеріне айналады. Бұдан өзге жайылмалы каток демалыс күндері жаппай сырғанау үшін ашық болады. Балаларға, оқушылар мен зейнткерлерге конькийлер жеңілдетілген түрде жалға беріледі.

2016 жылдың 18 қарашасынан 31 желтосан аралығында жаппай сырғанау тегін. Конькийлерді жалға алу бағасы төмендегідей :

Жұма: 20.00 – 22.00 –жеңілдік – 1000 теңге, ересектерге – 1500 теңге.

Сенбі: 11.00 – 13.00 – жеңілдік – 300 теңге, ересектерге – 500 теңге

14.00 – 16. 00 – жеңілдік – 500 теңге, ересектерге – 1000 теңге

17.00 – 19.00 – жеңілдік – 500 теңге, ересектерге – 1000 теңге

20.00 – 22.00 – жеңілдік – 1000 теңге, ересектерге – 1500 теңге.

Жексенбі: 11.00 – 13.00 – жеңілдік – 300 те ң ге, ересектерге – 500 теңге

14.00 – 16. 00 – жеңілдік – 500 теңге, ересектерге – 1000 теңге

17.00 – 19.00 – жеңілдік – 500 теңге, ересектерге – 1000 теңге

20.00 – 23.00 – жеңілдік – 1000 теңге, ересектерге – 1500 теңге.

Bauer фирмасының қолжетімді конькийлерінің мөлшері – 26 д ан 46 -ға дейін .