
Бүгінгі күні Алматы көшелерін жауған қар мен мұздан 1,6 мың жұмысшы 763 арнайы техника бірлігін пайдалана отырып, тазартуға дайын. Егер қар үздіксіз жауатын болса, онда өзге ұйымдардан жалға алу есебінен техника саны 967 бірлікке артады.
Қыс кезінде 77 қар лақтырғыштар, 63 фронталды тиегіштер, 37 автогрейдерлер, 138 щеткалы тракторлар, 90 самосвалдар мен 228 қосақталған техника бірлігі еш кідіріссіз жұмыс істейтін болады.
Қаланың 7 ауданының 60 пайыз аумағын тазалайтын «Алматы тазалык» мемлекеттік кәсіпорынымен бірге қыс кезінде қар тазалаумен қосымша 15 мердігерлік ұйым айналысады.
Ауа райының қолайсыздығы кезінде көктайғаққа қарсы пайдаланатын 75 мың тонна түрлі қоспалар да әзір. Алматыда көктайғақты дереу ерітетін инновациялық технология биыл екінші қыс кезінде де қолданылады.
Бұл жаңа әдіс жолдағы көктайғақты ылғалдандыру әдісі арқылы ерітеді. Қоспа жол бетіне тез жағылып, еріген мұз автомобильдер дөңгелектері арқылы жан- жаққа шашырап кетеді. Құрғақ реагентті ылғалдандыру қатқан мұзды тез жібітеді, бұл технологияны температурасы -20 С диапазонында пайдаланылады.
Жаңа әдістің артықшылығы – тазарған аумақы 5 есеге артады және газондар мен арық жағалаулары да таза болады. Бұл жаңа технология көше бордюрлерін тазалаумен айналысатын жол жұмысшыларының санын да қысқартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ылғалдандыру арқылы жүзеге асатын жаңа технология жауған қардың биіктігі 5-7 см болғанда барынша тиімді, ал бұл Алматы 2/3 жағдайында қалыпты.