Алматыда локальді сенбілікке 5 мыңнан астам адам қатысты

Алматыда локальді сенбілікке 5 мыңнан астам адам қатысты

Алматының барлық аудандарында өткен локальді сенбілікке 5 мыңнан астам адам қатысты. 95 арнайы техниканың арқасында 400 м³ қоқыс пен жапырақтар сыртқа шығарылды.

Алматыға қосылған аудандарда бұл шара барынша белсенді өтті. Мұнда жасыл аймақтарға, бос жатқан жерлерге ерекше назар аударылды. Алатау ауданының «Алғабас-6», «Нұркент», Наурызбай ауданының «Ақжар», «Каменка-3», «Құрамыс» ықшам аудандары мен Түркісб ауданындағы «Сұлтан - Қарасу» кіші арықтары мен Мойка қосқыстардан тазарды.

Сенбілік аясында Серіков, Қабдолов көшелеріне, Сейфуллин-Рысқұлов жолайрығына 217 жасыл желек ағаш отырғызылды, олардың арасында түрлі ағаштар бар.