Алматыда кеңейтілгени ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Алматыда кеңейтілгени ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Алматыдағы «Астана» алаңында Жамбыл ауданының кеңейтілген жәрмеңкесі өтуде, оған аталған облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласы қатысуда. Жәрмеңкеге Алматы қаласының 40 сауда және тамақ өнеркәсібі орындары өз өнімдерін қоюда.

Қалалықтарға жалпы көлемі 225 тонна болатын 50 өнім түрі ұсынылуда, оның ішінде 42 тонна ет, 16 тонна сүт, 152 тонна көкөніс және басқада өнімдер бар.

Атап өтерлік жайт, жәрмеңкеге қойылған өнімдер бағасы базардағыдан 15-20%-ға төмен.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда осындай ауылшаруашылық жәрмеңкелері соңғы 8 жыл ішінде тұрақты өтіп келеді. Оның мақсаты- қала базарларында бағаны тұрақтандыру.