Алматы әкіміне сауданың стационарлық емес нысандары көрсетілді

Алматы әкіміне сауданың стационарлық емес нысандары көрсетілді

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек стационарлық емес сауданың түрлі нысандарын аралап көрді.

Қазіргі кезде стационарлық емес сауда орындарының дислокаци ясы анықталып, қала келбеті мен санитар лық -эпидемиологи ялық талаптар стандарттарын бекіту мәселесі сөз болды.

Компания осы саладағы өздерінің үздік шешімдерін ұсынды, барлығы 14 түрлі объект көрсетілді. Олардың арасында авто дүкендер, дүңгіршектер, павильон дар бар. Жалпы, бұл істе бірыңғай стандарттарды бекіту ұсынылды, оларға газет, билеттер дүңгіршектері, көкөніс, гүл павильондары, бекеттер және басқалары кіреді.

Мегаполис басшысы қала билігінің шағын бизнесті қолдайтындығын, кәсіпкерлерге тиесілі механизмдер мен альтернативтерді пайдалану қажеттігін айтты. Жалпы, стационарлық емес сауда орындарының сыртқы келбеті халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс.