Алматыда халықаралық деңгейдегі IVкәсіби веложарыс өтті.

Алматыда халықаралық деңгейдегі IVкәсіби веложарыс өтті.

Бүгін Алматыда « Алматы Туры -2016» халықаралық деңгейдегі бір күндік тас жолдағы кәсіби веложарыс болып өтті. Сайыста «Astana Pro Team» командасының капитаны Алексей Луценко жеңіске жетті. Екінші орынды италиялық Мауро Филето, үшінші орынды ресейлік Роман Майкин алды. Биылғы жылы «Алматы туры» төртінші рет өтуде. Жалпы есеппен Веложарысқа Еуропа мен Азияның 14 командасы қатысты. Веложарыс әлемнің ең ірі «Eurosport» спорт телеарнасында және Қазақстанның «Kazsport» арнасынан көрсетілді.

Сайысқа қатысушылар мен көрермендерді алғы сөзімен құттықтаған қала әкімі Б. Байбек сүйікті қаламыз Алматыда осындай жоғары халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар өткізу оңтүстік астанамыздың тұрғындар аарсында спортты насихаттаудың бірден бір кепілі, -деп атап өтті.

«Алматы Тур» спорттық аймақ ретінде қаламыздың бренді және айрықша белгісіне айналды. «Алматы Тур» Қазақстан Республикасының 25 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығында өтіп отыр. Елбасының қолдауымен Алматы қаласы әлемдік спорттық шараларды өткізуге мүмкіндігі бар заманауи спорттық инфроқұрылымды спорттық қалашыққа айналды»,- деді Б. Байбек.

Оның айтуынша, соңғы екі-үш жылдың ішінде Қазақстанда VII-Қысқы Азия ойындары, бокс пен ауыр атлетика чемпионаты, дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңі сияқты ірі халықаралық спорттық сайыстары өткізілді.. 2017 жылы Алматыда әлемнің 58 елінен 2500 мың спортшылар мен 1500 делегаттар қатысатын Қысқы Универсиада өтеді.

Веложарыс сағат 9.30 да Желтоқсан мен әл-Фараби даңғылы қиылысында басталып, Мустафин көшесі мен Шығыс айналма жолымен Талғар трактіне дейін жалғасты. Бір айналымның арақашықтығы 31 шақырымды құрады. Жалы велошабандоздар 6 айналып жүріп өтті.