
Алматы әкімі Баурыжан Байбек өзінің кезекті жұмыс сапарында қаладағы бірқатар энергия көздерін тексеріп, жылу маусымына дайындық барысын саралады.
Мегаполис басшысы Наурызбай ауданындағы «Ақжар» қосалқы станциясы негізгі корпусының құрылысында болды, қайта жөнделген Батыс жылу кешенін аралады. Б.Байбек ТЭЦ-2 жаңа жылу агрегатының іске қосылуын көрді. №8 қазандықты іске қосу арқасында нысан көлемі артты және оның қуаттылығы 20% -ға көбейді.
Қала әкімі Алатау ауданында көптеген жаңа нысандардың пайда болуына орай жобаны жүзеге асырудың маңызды екендігін ерекше айтты. Олар- «Универсиада-2017», Индустриалды аймақ және «Қолжетімді баспана-2020». Ол мұндай жобаның қалада 28 жыл ішінде алғаш рет қолға алынғандығын, жылу кешенінің қуаттылығын арттыруға 25 млрд. теңге жеке инвестиция жұмсалғандығын жеткізді.
Жұмыс сапары барысында Б .Байбек қала сыртындағы К-2 коллекторының жұмысын қалыпына келтіру, қаладан 15 км қашықтықта орналасқан кәріз қондырғыларын тазарту шараларымен де танысты. Объектіде қайталама қондырғыларды, бөлгіш жабдықтарды, түрлі жұмыс жүйелерін қайта жасау қарастырылған.
а.