Алматыда мектеп түлектерінің «Мəңгілік Ел» аркасымен Д.Баландин атындағы жүзу бассейні ашылды

Алматыда мектеп түлектерінің «Мəңгілік Ел» аркасымен Д.Баландин атындағы жүзу бассейні ашылды

Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және қаланың 1000 жылдығына орайластырылған мектеп түлектері мен жоғары оқу орындары студенттерінің «Мəңгілік Ел» атты аркасы мен Д.Баландин атындағы жүзу бассейні ашылды.

Салтанатты шараларға қала әкімі Бауыржан Байбек, ҚазҰУ-нің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, танымал ақын Олжас Сүлейменов, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, меценат-бизнесмендер, қоғам қайраткерлері, қалалық және аудандық әкімдіктер өкілдері, оқытушылар, студенттер, университет түлектері қатысты. Арка ҚазҰУ-нің кіреберісіне орнатылған.

Қала әкімі арка қаланың айшықты белгісіне, ғылым мен білімнің символ ына айналады деді.

«Мен ҚазҰУ-нің біздің қаламызбен бірге тағы да 1000 жыл жасайтындығына сенімдімін. Салтанатты арка – біз қалада нұрландырған 33-ші нысан. Жақын күндері «МАОБТ», «Хабар», Қастеев мұражайлары мен басқа да нысандар осылайша нұрланатын болады. Бұл күн тарихқа енеді деген ойдамын»,- деп атап өтті әкім.

Салтанатты арканың сәулеті ерекше, классикалық пропилдер формасында жасалған, ал доға бейесі университеттің орталық аллеясын қамтиды.

Мерекелік кеште жүзуден алғашқы Олимипада чемпионы атанған Дмитрий Баландин атындағы 25 метрлік жаңа бассейн де ашылды.