Алматыда Олимипада жүлдегерлері Дмитрий Баландин мен Дариға Шакимова марапатталды

Алматыда Олимипада жүлдегерлері Дмитрий Баландин мен Дариға Шакимова марапатталды

Бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбек Олимпи ада ойындарының жүлдегерлері- жүзгіш Дмитрий Баландин мен бокстан қола медаль иесі Дариға Шакимов аға көлік пен пәтер кілттерін тапсырды.

Шара барысында Б.Байбек спорт шыларды барша алматылықтар атынан құттықтады.

«Барлық қазақстандықтар сіздер үшін, сіздердің жеңістеріңіз үшін жанкүйер болды. Мен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерді бағып, тәрбиелеген ата- аналарыңызға мың алғыс.Алматы спорттық қала, табиғаттың өзі соған бейімделген.Егер біз дамыған 30 елдің қатарына енетін болсақ, спорттық өмірді барынша дамыту қажет. Біз үлкен жеңістерге байыппен жетудеміз. Сіздерді мақтаныш тұтамыз», - деді мегаполис әкімі.

Д.Баландинге Алматының Алмалы ауданынан 3 бөлмелі пәтер берілді.Бокстан қола жүлдегер Д.Шакимовға Медеу ауданынан бір бөлмелі пәтер табыс етілді. ҚР Денешынықтыру мен спорт туралы заңына сәйкес елімізге Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарынан алтын медаль әкелгендерге үш бөлмелі пәтер беріледі, ал қола медаль алғандарға мемлекет бір бөлмелі пәтер береді. Бұлардан өзге, чемпиондар жаттықтырушылары Алексей Казаков пен Владимир Присяжнюк үш және екі миллион теңге алды.

Анықтама :

Риодағы XXXI жазғы Олимпи ада ойындарында қазақстандық спортшылар 17 медаль алды, оның үшеуі - алтын, бесеуі- күміс, тоғызы- қола.Лондондағы Олимиада ойындарында қазақстандықтар 7 алтын медаль иеленген еді. Қазақстандық спорт делегациясының құрамында спорттың 26 түрінен 104 спортшы болды.