Алматы маңында «Ұлы дала рухы» атты халықаралық этнофестиваль өтті

Алматы маңында «Ұлы дала рухы» атты халықаралық этнофестиваль өтті

Алматы маңындағы Алатау шатқалында «Ұлы дала рухы» атты алғашқы халықаралық этнофестиваль өтті.

Мәдени шара еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматының 1000 жылдығына арналды. Алғашқы халықаралық этнофестивалға Венгрия, Голландия, Германия, Түркия, Қытай, Қырғызстан және басқа да елдерден қонақтар келді. Фестивал ға қала әкімі Бауыржан Байбек те қатысты.

Іле Алатауы ұлттық паркінің етегі тақырыптық секторларға бөлінді. Фестивальға келушілер екі күн бойына көшпенділердің өмірін көрді, дәстүлер мен салттардың өміршеңдігімен, ата- бабаларымыздың киізбен, терімен, күміспен, балшықпен жұмыс істеу тәсілдерімен танысты. Бүркітшілердің, шабандоз жігіттердің, көкпаршылардың, балуандардың, садақшылардың өнерлеріне тәнті болып, ұлттық тағамдардан ауыз тиді.

«Ұлы дала рухы» түркі халқы мен қазақтардың ғажайып дәстүр – салтымен танысуға мүмкіндік беріп, елімізде етнотуризмнің дамуына ықпал етеді.

Атап өтерлік жайт, фестивалға қатысушылар мен музыканттардың киімдері тарихи материалдарды басшылыққа ала отырып жасалды.