Алматыда алғаш рет «Алматы Көктөбе Opеra-2016» фестивалі өтті

Алматыда алғаш рет «Алматы Көктөбе Opеra-2016» фестивалі өтті

Алматыдағы Көктөбе саябағында ашық аспан астында алғаш рет классикалық музыкадан «Алматы Көктөбе Opera-2016» фестивалі өтті. Алматының 1000 жылдығы мерекеленуі қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары әлемдік классикалық музыканың ғажайып үнімен сусындады. Классикалық музыка фестивалі ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, дирижёр Алан Бөрібаевтың басшылығымен өтті.Симфониялық оркестр, хор, балет, МАБТ-тың жетекші артистері мен Испаниядан арнайы шақырылған тенор - Алехандро Рой өнер көрсетті.Алматы әкімі Бауыржан Байбек қонақтар арасында болды.

Оркестрдің сүйемелдеуімен театр солистері мен шетелдік қонақтар әлемге танымал арияларды орындады. Көрермендер ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Талғат Күзенбаевтың, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Баспақованың өнерлерін тамашалады.