Талғат Сәрсенбаев Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Талғат Сәрсенбаев Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Әр жылдары құқыққорғау органдарында істеген, жоғары оқу орындарында сабақ берген, ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымды қызметтер атқарған, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде кеңесші, ҚР Парламенті Сенатының аппарат басшысы болған, «Самрұқ-Қазына» АҚ жұмыс істеген.

Қазіргі тағайындауға дейін ҚР Үкіметі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Үкіметінің ҚР Парламентіндегі өкілі қызметін атқарған.

Заң ғылымының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және «Құрмет» орденімен марапатталған.

Өз кезегінде бұрындары осы позицияны атқарған Жігер Қалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған