Алматыда қаланың 1000- жылдығына орай дәстүрлі өнер театры ашылды

 Алматыда қаланың 1000- жылдығына орай дәстүрлі өнер театры ашылды

Алматының Алатау ауданында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ашылу салтанаты өтті. Бұл мәдени шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, мәдениет пен өнер қайраткерлері, қоғам өкілдері қатысты.

Қонақтар музыкалық аспаптардың ерекше көрмесін, ағаш пен теріден жасалған сувенир бұйымдарды, Ықылас атындағы музыка аспаптары мұражайы қорының ұлттық муызка аспаптары коллекциясын тамашалады.

Шараның ресми бөлімінде қала әкімі Алматының 1000 жылдығын мерекелеу барысында өткізіліп отырған шараның маңызды екендігін айрықша атап өтті.

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында біз соңғы жылдары өткенімізді тырнақтап жинай бастадық. Тәуелсіздікке қол жеткізіп, бақытты болашаққа нық қадам жасап, өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді сақтаудамыз», - деді Б.Байбек.

Шара соңы дәстүрлі музыка өнері өкілдерінің концертіне ұласты. Концерт аяқталған соң шараға келген барлық көрермендер Театр қабырғасын нұрландыра түскен жаңа жарық сәулесімен танысты.