Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қ.Д Таймерденов Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн-брифингте хабарлады.
Департамент деректері бойынша ағымдағы жылдың 10 айы ішінде барлық жолдардағы жол-көлік оқиғаларының саны 27,8%-ға азайған. Таратып айтсақ, зардап шегушілер 35,0 %-ға, қайтыс болғандар 48,6 %-ға, жарақат алғандар 36,4%-ға, балалардың қатысуымен болған оқиғалар 43,4 %-ға азайды.
«Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және оны азайту мақсатында біз әкімшілікпен бірлесе отырып, 2021-2023 жылдарға арналған Алматы қаласында жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және жол қауіпсіздігін арттыру жөніндегі Кешенді жоспарды әзірлеп, оны бекітуге бердік. Бұл жоспардың іске асуы жолдардың өткізу қабілетін 25-30%-ға артыруға, апаттарды 15-20%-азайтуға және қаладағы экологиялық жағдайды 10%-ға дейін жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қалада 414 "Сергек" бекеттері орнатылды, бұл дегеніміз 2 мың 050 камера деген сөз. Жыл соңына дейін осындай 362 бекетті орнату жоспарлануда», - деп атап өтті Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.