Жұмыс режимінің бұзылуы,  бетперде режимінің сақталмауы - Алматы мониторингтік топтары 15 нысаннан заң бұзушылықтар анықтады

Жұмыс режимінің бұзылуы,  бетперде режимінің сақталмауы - Алматы мониторингтік топтары 15 нысаннан заң бұзушылықтар анықтады
Алматыда санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді. Алматы қаласы бойынша аудандық әкімдіктер, жергілікті полиция қызметі, "Атамекен" ҰКП өкілдерінен құралған 32 мониторингтік топ ұйымдастырылды.
 
2020 жылғы 9 қарашада мониторингтік топ бақылау шараларын жүргізді, барлығы 55 нысан қамтылды, 15-нен бұзушылықтар анықталды.
 
Алмалы ауданында мониторинг топтар келесі бұзушылықтар орын алған 5 нысан анықталды:
- «Динара» сұлулық салоны Масаншык-сі, 23/12 - бетперде режимін сақтамау;
- Перде салоны, Масаншы көшесі, 23/12 - бетперде режимін сақтамау;
- «Жарқын» шамдар салоны, Гоголь көшесі, 151 – бетперде режимін сақтамау;
- «АлматыПринткз» баспаханасы Гоголь көшесі, 151 - бетперде режимін сақтамау;
- Стоматология Байтұрсынов көшесі, 16 - бетперде режимін сақтамау.
 
Жетісу ауданында келесі бұзушылықтар анықталды:
- «ТЕТ-а-ТЕТ» дәмханасы, Геологтар к-сі, 1а / 1 – даяшының бетпердесі болмаған;
- Айнабұлақ-4 ш.а, «Марьям» дәмханасы, 171 - сағат 23.00-ден кейін жұмыс режимін бұзу;
- Сүйінбай даңғылы, 2 к3, Донер Кебаб Эфенди, -сағат 23.00-ден кейін жұмыс режимін бұзу, бетпердесіз қызметкерлер;
- Сүйінбай даңғылы, 2, Донер - 23:00-ден кейін жұмыс істеді.
 
Әуезов ауданында сағат 23.00-ден кейін екі нысанда жұмыс режимінің бұзылуы анықталды:
- «Узбечка» дәмханасы Мамыр 7 ш.а, 13 А үй;
- «Место встречи»  дәмханасы, Жандосов к-сі, 89 А.
 
Түрксіб ауданында келесі бұзушылықтар анықталды:
- «Oil Center» ТҚКО, Жансүгіров к-сі, 215 - бетперде режимін сақтамау;
- «Довгун» дәмханасы, Қайрат ш.а, Жаяу Мұса к-сі, 420 – көпшіліктің жиналуымен салтанатты іс-шара өткізілген.
 
Наурызбай ауданының мониторинг топтарымен бұзушылықтар анықталды:
- Техникалық байқау, Әшімов көшесі, 20/1 - бетперде режимін сақтамау;
- «Дархан» дүкені, Репинский көшесі, 21 - бетперде режимін сақтамау.
Сонымен қатар, қала тұрғындары жұқтыру қаупін тудыра отырып, адамдар көп жиналатын салтанатты іс-шараны өткізуді жалғастырып жатқанын атап өткен жөн.
 
Мысалы, ағымдағы жылғы 8 қарашада Бостандық ауданының мониторингтік тобы Алматы қаласы, Алма-Арасан 13 мекен-жайы бойынша орналасқан «Хан Сарайы» мейрамханасында жаппай іс-шараны (қыз ұзату) анықтап, жолын кесті, шара қонақтарын сағат 15:40-та шығарды. Ауданда адамдардың жалпы саны 150 адам болды, қонақтарға Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің қаулы нормалары жеткізілді. ЖПҚ "Хан Сарайы" банкет залының меншік иесінен түсініктеме алынды және кейіннен тиісті шаралар қабылдау үшін баянат жасалды.
 
Заңды тұлғаларға қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданады деп хабарланды. 
 
Алматы әкімдігі кәсіпкерлерді санитарлық-эпидемгиялық қауіпсіздік шараларын сақтауға және қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген талаптарды бұзбауға шақырады.
 
Естеріңізге сала кетейік, шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша құқық бұзушыларды тарту және сотқа беру үшін іс қозғау үшін аумақтық прокурорларға берілетін болады.