Алматыда Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қалай жұмысқа орналасуға болатыны туралы айтылды

Алматыда Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қалай жұмысқа орналасуға болатыны туралы айтылды
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қала тұрғындарын жұмысқа орналастыру механизмі туралы сұраққа жауап берді.
 
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 26 мың жұмыс орнын құру қарастырылған. Бұл шамамен 218 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру аясында.
 
«Дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы қарастырылған болатын, басымдық - жұмыссыз ретінде тіркелген адамдарды жұмысқа орналастыру. Бізде тіркелген адамдарды біз олардың өз мамандығы, білімі бойынша орналаса (бара) алатын жобаларға бағыттадық. Яғни, біздегі әрбір ұйым, құрылыс компаниялары қандай да бір бос орынға өтінім берді, және біз жұмыссыздар арасынан таңдап, тұрақты жұмысқа жіберуге тырыстық", - деп атап өтті Д. Иманқұлова. Ол жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша өтініштердің санына шектеулер жоқ екенін айтты.
 
ЖҚЖК бағдарламасы аясында жұмысқа орналасу үшін азаматтар жұмыспен қамту орталығына жүгінулері қажет. Немесе азамат Enbek.kz электрондық еңбек биржасында өз бетінше тіркеліп,  қажетті бағытты таңдауы керек. Бұдан басқа, жұмыс берушілерге тікелей жүгінуге - түйіндеме беруге болады, ал жұмыс беруші өз кезегінде тиісті кандидатураны өз бетінше таңдауға және жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға құқылы.
 
Жыл басынан бері Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына 70 мыңнан астам адам өтініш білдіріп, олардың 70% - ы жұмысқа орналастырылды.