Б. Сағынтаев Медеу ауданы тұрғындары өтініштерінің шешімдері туралы айтты

Б. Сағынтаев Медеу ауданы тұрғындары өтініштерінің шешімдері туралы айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде тұрғындары бірнеше мәрте көмек сұраған Медеу ауданының түйткілді учаскелерінде болды.

Мәселен, «Думан» ықшамауданында 18,5 шақырым сумен жабдықтау және 26 шақырым су бұру желілерінің құрылысы аяқталуда. Қоғамдық көлік бағыттары өтетін 6 көшеде – Хан Тәңірі, Қазығұрт, Қарқаралы, Ақмешіт, Борабай, Болашақта 3,7 шақырым жолда күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Қала әкімі Б. Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлағандай, бұл жұмысты қараша айында аяқтау жопарланған.

«Келесі жылы қалған 53 көшенің жолдарын жөндейміз. Сондай-ақ «Мұзтау» ықшамауданында инженерлік желілерді салуға байланысты қазылған жол жабынын тез арада қалпына келтіруді тапсырдым. Бутаковка шатқалына апаратын жолдың ұзындығы 4,6 км. Бұл жол туристік бағыттардың қатарына кіреді», - деп жазды Б. Сағынтаев.

Тағы бір мәселенің шешімі жауын-шашын салдарынан көшкіннің жүруі ықтимал «Компот» деп аталатын массивтің тұрғындарын қорғауға мүмкіндік берді. Көккинаки көшесіндегі қауіпті аймақта 42 үй болған. Биыл жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 350 шақырым болатын беткейлерді нығайту жоспарланған. Алмалық көшесі бойындағы еңісті нығайтып, арық жүйесін орнату жұмыстары аяқталды, мұндағы қауіпті аймақта 60 үй болды.

Еске салсақ,бұрындары тау бөктерінің тұрғындары көшкін қаупінен қорқып, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтан көмек сұраған еді. Оның тапсырмасы бойынша қаражат бөлінді және беткейлерді нығайтуға мүмкіндік беретін габион құрылымдарының құрылысы жүзеге асты. Сонымен қатар, жаңбыр суларын ағызатын арықтар жасалуда.

 
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Медеу ауданы. Жұмыс сапары кезінде тұрғындар көтерген мәселенің қалай шешіліп жатқанын бақылап қайттым. «Думан» ықш.-да 18,5 км сумен жабдықтау және 26 км су бұру желілерінің құрылысы аяқталуда. Қоғамдық көлік маршруттары өтетін 6 көшеде: Хан Тәңірі, Қазығұрт, Қарқаралы, Ақмешіт, Борабай, Болашақта 3,7 шақырым жолда күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жоспар бойынша жұмыс қараша айында аяқталады. Келесі жылы қалған 53 көшенің жолдарын жөндейміз. Сондай-ақ Мұзтау ықш. инженерлік желілерді салуға байланысты қазылған жол жабынын тез арада қалпына келтіруді тапсырдым. Бутаковка шатқалына апаратын жолдың ұзындығы 4,6 км. Бұл жол туристік бағыттардың қатарына кіреді. Тағы бір мәселенің шешімі жауын-шашын салдарынан көшкіннің жүруі ықтимал «Компот» деп аталатын массивтің тұрғындарын қорғауға мүмкіндік берді. Көккинаки көшесіндегі қауіпті аймақта 42 үй болған. Биыл жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 350 м болатын беткейлерді нығайтуды аяқтаймыз деген жоспар бар. Алмалық көшесі бойындағы еңісті нығайтып, арық жүйесін орнату жұмыстары аяқталды. Мұндағы қауіпті аймақта 60 үй болды. —— Медеуский район. Во время рабочего объезда ознакомился с ходом решения вопросов, поднимаемых жителями. В мкр. Думан завершается работа по строительству 18,5 км сетей водоснабжения и 26 км водоотведения. Начат капитальный ремонт 3,7 км дорог на 6 улицах, где пролегают маршруты общественного транспорта: Хан Тенгри, Казыгурт, Каркаралы, Акмешит, Бурабай, Болашак. Работу планируем завершить в ноябре. В следующем году займемся ремонтом дорог на оставшихся 53 улицах. Кроме того, поручил в ускоренном темпе восстановить дорожное покрытие в мкр. Музтау, разрытое в связи с прокладкой инженерных сетей. Дорога протяженностью 4,6 км ведет в ущелье Бутаковка и входит в число туристических маршрутов. Решение еще одной проблемы позволило обезопасить жителей массива в так называемом «Компоте», где из-за дождей возникали оползневые явления. В зоне риска по ул. Коккинаки находилось 42 дома. До конца текущего года планируем завершить здесь укрепление склонов общей протяженностью 350 м. Завершено укрепление склона и устройство арычной системы по ул. Алмалыкской, где также в зоне риска было 60 домов.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)