Алматы әкімі «Көкжиектегі» көппәтерлі үйді барынша қысқа мерзімде қалпына келтіруді тапсырды

Алматы әкімі «Көкжиектегі» көппәтерлі үйді барынша қысқа мерзімде қалпына келтіруді тапсырды

Қаланың құтқару қызметінің және Жетісу ауданы әкімдігінің күшімен №177 мектепте штаб құрылып, мұнда ұйықтайтын орындар және тамақпен қамтамасыз ету ұйымдпастырылған.

Қазіргі кезде үйдегі электроэнергия, газ және басқа коммуникациялар ажыратылған. Полиция үйді қоршауға алған.

Ертеңнен бастап өрт шығынының көлемін анықтайтын комиссия тексеруді бастайды. Өрттің не себепті болғанын анықтайтын тиісті өрт- техникалық сараптама нәтижесінен соң ғана үй қалпына келтірілуі мүмкін.