Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындары мен қонақтарын Жаңа жылмен құттықтап, 2025 жылдың негізгі қорытындыларына тоқталды

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындары мен қонақтарын Жаңа жылмен құттықтап, 2025 жылдың негізгі қорытындыларына тоқталды

Шаһар басшысының айтуынша, 2025 жыл маңызды шешімдер жылы болды. Алматы халықаралық позицияларын нығайтты: қала бірқатар ірі іс-шараларды қабылдап, Bloomberg нұсқасы бойынша туристік бағыттардың үздік 25-тігіне енді, сондай-ақ Oxford Economics рейтингіне сәйкес Азияда 33-орынды, әлем бойынша 258-орынды иеленді.

Мегаполис экономикасы 6 пайыздан астам өсім көрсетті. Жыл ішінде жалпы құны 500 млрд теңгені құрайтын 12 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 98 мың жұмыс орны құрылды.

Қалалық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жалғасты: 330 шақырым су құбыры, 39 шақырым жылу және 238 шақырым электр желілері салынды, 35 шақырым жаңа жол пайдалануға берілді.

Қорытындылай келе, әкім алматылықтарға қаланың тағдырына қосқан үлесі, жауапкершілігі мен бейжай қарамағаны үшін алғыс білдіріп, жаңа жылы Алматыны дамыту жұмыстары жалғасатынын атап өтті.