Алматы әкімі Италия Елшісі Паскуале Д’Авиномен кездесті

Алматы әкімі Италия Елшісі Паскуале Д’Авиномен кездесті

Кездесу барысында Бауыржан Байбек Италияның Европа Одағы елдері арасында Қазақстанның алғашқы сауда серіктесі болғанын атап өтті. Екі ел арасында орныққан дипломатиялық қатынастардың 35 жылы ішінде барлық спектрлер бағытттары бойынша серіктестік байланыс қалыптасты.

Паскуале Д’Авино өзінің сөзінде екіжақты байланыста туризм саласының әлеуеті жоғары екенін айтты.

«Біздің туристеріміз Орта Азияға қызығады. Алматыда барлық инфрақұрылым бар әрі сервис те жоғары, өңірді зерттеуді дәл осы жерден бастау қажет», - деп атап өтті Италия Елшісі.

Қазіргі кезде қалада құрылыс, ІТ, фрамацевтика және басқа салаларда итальяндық капиталдың қатысуымен 70 кәсіпорын жұмыс істейді. Биылғы жылы Алматыда MACPRESSE Europa S.R.L. компаниясының технологиясы бойынша қоқыс сұрыптайтын кешенді іске қосу жоспарланған.

Соңғы жылы Алматы мен Италия арасындағы тауар айналымы 5,3%-ға өсіп, 302,2 млн. АҚШ долларын құрады.