
Бүгін Алматыда қала әкімдігі мен «Самрұқ- Қазына» әл- ауқат қоры арасында веложол құрылымы, велосипед спортын дамыту бойынша меморандумға қол қойылды.
Алматы салауатты өмір салтын берік ұстанған қала және соңғы кездері велопрокат жүйелерін дамыту ісі де қолға алына бастады.
«Алматы – спорт пен, туризм, медицина қаласы. Сондықтан біз бұл мәселеге ерекше көңіл бөлеміз. Қаланың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасында адамдарға жағдай жасау айрықша орын алады. Осы қағиданы орындау үшін біз жеке автомобильдер кеңістігін азайтып, жеке жүргіншіге қолайлы ететін болмыз»-, деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Алматы-2020 Бғдарламасына сай қаланың көлік құрылымы жетілдірілуде.
«Velocity» қорының басшысы Алмагүл Қасымова, - ««Almaty Bike» алғашқы станциялары қаланың орталығында ашылады. Олар күн батарясымен қуаттанып, терминалдармен жабдықталады.Велосипед құрылымы хромдалған болаттан жасалады. Велосипед терде антивандаль ді жүйелер болады, олардың жалпы салмағы - 24кг» -, деді.
Станцияны ашу үш кезеңнен тұрады:
I. 50 станция және 270 велосипед;
II. 50 станция және 1460 велосипед;
III. 100 станция және 680 велосипед.
Атап өтерлік жайт, респонденттердің 91% -ы мұндай велосипед тердің қолайлы екендігін айтты.