Алматыда түнде Оспанов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда түнде Оспанов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

Алматының шығыс бөлігінде арық жүйесін салу және қайта жаңарту жобасы аясында Экология және қоршаған орта басқармасы мердігер ұйым – «АлматыДорСтрой» компаниясымен бірлесіп, Оспанов көшесінде арық желісінің өткелін салу жұмыстарын жүргізеді.

Осыған байланысты 2025 жылы 2 қазан сағат 22:00-ден 3 қазан сағат 06:00-ге дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу «Эдельвейс» тұрғын үй кешенінен Жамақаев көшесіне дейінгі учаскеде енгізіледі.

Айта кетейік, уақытша қозғалыс шектеуі туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде жарияланады. Сондай-ақ мәліметтер 2GIS пен Яндекс карталарындв да қолжетімді.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қала тұрғындары мен қонақтарынан бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.