
А лматы әкімі Бауыржан Байбек Медеу ауданындағы «Арнайы инновациялық технология» экономикалық аумағы құрылысының 2-ші кезеңімен танысты. Мұнда 140,3 га жер телімі игерілетін болады. Бүгінгі күні инженерлік жүйенің 70% және қаржының 9,04 млрд. теңгесі игерілген. Биыл құны 4,45 млрд. теңге болатын и инфрақұрылым құрылысы аяқталмақ.
Әкім АЭА-тың мұнай, геология, геофизика саласы кадрларын даярлайтын аймағында болды. Оның көлемі 1 гектар, ені 912,3 кв.метр, жобаның құны - 400 млн.тенге. Drill Sim – Орта Азия мен Европа үшін құнды кешен, қазір мұндай кешен тек АҚШ-тың Техас штатында ғана бар. Бұл оқу орны нақтылы процесстерді жүзег асырады, апаттың алдын алады, әр қызметкерге писхологиялық ықпал жасайды. Осылайша, аталған кешен іске қосылғанда қазақстандық студенттерді оқыту үшін Алматыға Орта Азия мен Европадан, ТМД елдерінен мамандар келетін болады.
«Бүгінгі күні біз небәрі 20 адам оқыта аламыз, ал Drill Sim-ді қолдана оытырып 100 адамға дейін білім бере аламыз. Бұл симулятор, біз бұрғылау процесстерін, апаттың алдын алуды жетік зерттейтін боламыз. Қазақстанда жұмыс істейтін барлық компаниялар қызметкерлерін шетелге жіберуде, ал біздің студенттер өзімізде білім алатын болады. Оны бітірегндер 100% жұмысқа орналасады», - деді «Институт нефтегазового инжиниринга и информационных технологий КБТУ» ЖШС директоры Жанат Хасенов.
Қала басшысына бұл күні отандық теңіз академиясының болашағы қандай болатындығы да көрсетілді. Бүгінгі күні КБТУ-да теңіз саласы бойынша жылына 25 студент даярлануда, 4 жыл ішінде 85 кадет шығарылған.Биылғы жылдың 1 шілдесінен судожүргізушілер мен судоинженерлер даярланады. Кадеттердің 90-95% жұмысқа орналастырылады. Ж.Хасенов бүгінгі күні шетелдік мамандарды қазақстандық студенттердің алмастыратындығын да жеткізді.
Қазіргі кезде «ИТП» АЭА-да 153 компания тіркелген. Аймақтың жалпы алаңы 163 га, ал бірінші кезегінің аумағы – 22,6 га.