
«Жобаны ашық талқылау кезінде көпшілік саябақ аумағында тұрғын үй кешенін салу жоспарын қолдамады, сондықтан компания қаланың басқа бөлігінен дәл осындай жер учаскесін алу үшін өзінің жерін мемлекет пайдасына қайтаруға дайын».
Компания директоры Зеки Пилге осындай міндеттеме қабылдаған.
Еске салсақ, бұрын Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында азамттарды қабылдаған кезде қала тұрғыны Надежда Ерольская «Южный» саябағында жеке компанияның көп қабатты тұрғын үй кешенін салуы мүмкін екені туралы мәселе көтерген еді. Өз кезегінде мегаполис басшысы «Нұр Отан» партиясының алаңына қоғамдық тыңдау өткізуді тапсырған болатын.

Саябақ аумағы 14,2 га жерді құрайды, Жароков көшесінің шығысы мен Ходжанов көшесінің солтүстігіне қарай орналасқан. Қазіргі кезде саябақта реконструкция жүрде, оның барысында бұрыннан бар жолдар, жарық және суару жүйелері жаңарып, стационарлы дәретханалар, иттерді серуендететін алаңдар пайда болады. Оның үстіне бұрыннан бар жалық желектер сақталып, жаңалары отырғызылады.
