Алматыда Ұлттық Домбыра күні қалай аталып өтеді

Алматыда Ұлттық Домбыра күні қалай аталып өтеді

Мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін сурет салудан, түрлі бұйымдарды жасаудан, домбыра тартуды үйренуден шеберлік-сыныптары өтіп, ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының, дәстүрлі музыка орындаушыларының фртокөрмелері ұйымдастырылады, домбыра тартудан конкурс өтеді, музыкалық викториналар мен күй шертетін домбырашылардың концерті болады. Ең ікшкентай қонақтарды арнайы көңіл көтеретін шаралар күтуде.

«Біз Алматы тұрғындары мен қонақтарын жалпықалалық флешмобқа қатысуға шақырамыз, бұл шара сағат 11.00-де Панфилов пен Жібек жолы көшелерінің бойында өтеді. Оған қатысу үшін өз домбыраларымен келіп, таланттарын көрсетуге болады. Домбырамен келген қонақтар үшін конкурстар ұйымдастырылып, сыйлықтар беріледі»-, деді шараны ұйымдастырушылар.

Жібек жолы көшесінде сағат 12.00-де Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» және басқа да шығармаларды орындайтын 500 домбырашыдан құралған флешмоб ұйымдастырылады. Бұлардан өзге мұнда ашық аспан астында«Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің және дәстүрлі әндер орындаушыларының концерті өтеді.

Панфилов көшесінде домбырамен дәстүрлі әндерді орындайтын атақты әншілердің фотокөрмесі болады.

Салтанатты шара Ықылас атындағы халық аспаптраы музейінің ғимаратын декоративті жарықпен нұрландырумен аяқталады.