
Қала жастарына жеңілдікпен несие беруге арналған «Алматы Жастары» бағдарламасы Алматы қаласында 2017 жылы қолға алынған. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінген.
Бағдарлама аясында 2017 жылы 6657 өтініш түсіп, 108 отбасы тұрғын үй сатып алуға несие алды.
2018 жылы «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді.
«Алматы Жастары» бағдарламасының басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде, яғни жобаға қатысушылар жылдық мөлшер 5% болатын 10 млн теңгеге дейінгі жеңілдікпен несие ала алады. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі төлем қабілетіне қарай 3 жылдан 25 жылға дейінгі аралықта жеке жасалынады.

Құжаттарды қабылдау www.almaty-zhastary.kz сайтында жүзеге асады, бағдарлама аясында несиелендірудің ашықтығы қамтамасыз етіледі.
2018 жылы бағдарламаға бірқатар жаңартулар енгізілді:
• бірінші балаға 10 балл, ал әрбір келесі балаға 20 балл;
• балдық жүйеде хабарландыру шыққаннан бастап некеде 1 жыл тұрған жас жұбайларға 30 балл бөлу қарастырылған.
Ағымдағы жылы шілденің 9-ы мен 20-сы аралығында бағдарлама аясында өтініштер мен құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады.
Бағдарламаға қатысу туралы өтініш www.almaty-zhastary.kz арнайы порталы арқылы қабылданады.
Несие тек бастапқы тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді, оны бағдарлама қатысушысы өз бетінше таңдайды.
«Алматы Жастары» бағдарламасы туралы толық мәліметті www.almaty-zhastary.kz сайтынан, Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы (www.uzh-almaty.kz) және «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (www.hcsbk.kz) телефондары: 300 немесе 8-8000-801-880 (қоңырау шалу тегін), +7 (727) 380 05 23 арқылы білуге болады.