
Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану» Заңының негізінде объектіні тізімге енгізу оған тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін береді. Заңға сәйкес оны пайдаланушы ескерткіштің қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс. Яғни, ғимаратың сыртқы келбетін, ішін, конструкцияларын, мақсатты пайдаланылуын, аумағын өзгертуге тыйым салынады. Жөндеуге, қайта жасауға байланысты атқарылатын шаралардың барлығы өкілетті органмен келісу арқылы жүзеге асады.
Еске салсақ, бұрындары Алматы әкімі Бауыржан Байбек заңға сәйкес қаланың ипподромы мен «Сайран» автовокзалын жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізуді тапсырған еді. Артынан ғимараттың бұрынғы келбетін қайтару жөнінде жұмыс басталып, заңсыз құрылыстар алынып тасталды.