
Құрметті алматылықтар және қала қонақтары!
«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы Сіздерді қала күнімен шын жүректен құттықтайды!
Алматы жылдан жылға, уақыт өткен сайын заманауи және ажарлана түсуде. Бұл біздің қаламызды жақсы көретін қалалықтардың үлкен еңбегі.
Баршамызды ортақ мақсат – қаланы жақсарту және ыңғайлы ету біріктіреді. Барлығын осы айтулы күнімен құттықтаймыз және алматылықтарға күш-қуат, шаттық, жаңа істер мен жетістіктерге шабыт тілейміз.
Пандемия кезінде туындаған ел үшін қиын кезең бәрімізді тек біріктірді! Біз бәріміз ерекше шыдамдылық пен жанашырлық таныттық. Біз үшін осы күрделі уақытта аз да болса үлес қосқан дәрігерлердің, еріктілердің және бей-жай қарамайтын азаматтардың еңбегін көбірек бағалай бастадық.
Туған қаламызға гүлдену мен барлық Алматы тұрғындарына амандық тілейміз!