Құрметті Бостандық ауданының тұрғындары!
Сіздермен кезекті кездесуімізге қуаныштымын!
Менің алдыңғы кездесулерде берген тапсырмаларымның бүгінде 85%-ті орындалды, қалған 27 тапсырма бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Енді Сіздерге біз қабылдаған шаралар мен Сіздердің аудандарыңызды одан әрі дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарымыз туралы баяндап өтейін.
БІРІНШІ. Инженерлік инфрақұрылымды модернизациялау
Инженерлік желілердің жоғары деңгейде тозуы аудандағы негізгі проблемалардың бірі болып табылады және 55%-тен асады.
Осы жылдың басынан бастап инженерлік желілерде
671 авария болған.
Орбита, Алмагүл микро аудандарында, Жароков – Сәтбаев – Назарбаев – Әл-Фараби, Розыбакиев – Мыңбаев – Тілендиев - Тимирязев көшелерінің бөлігінде және Ерменсай шағын ауданында сумен және жылумен қамтамасыз ету бойынша авариялар едәуір жиі болып тұрады.
- Осы проблемаларды жою үшін биылғы жылдың қыркүйек айында Ерғожин, Ганди көшелеріндегі, «Орбита-4» микро ауданында ұзындығы 1,6 км жылу желілерін реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Бұл 546 көппәтерлі тұрғын үйге, 20 білім беру объектісіне және 12 денсаулық сақтау объектісіне үздіксіз жылу беруді қамтамасыз етеді.
- Осы жылдың желтоқсан айында «Алмагүл» подстанциясы үшін ұзындығы 4,8 км электрмен қамту кабельдік желісінің құрылысы аяқталады. Бүгінде шамамен
3 километрі жүргізілді. Бұл 200 мың тұтынушыға және 11 білім беру объектісіне электр энергиясын үздіксіз беруге мүмкіндік береді.
- Менің тапсырмам бойынша биылғы тамызда «Свежесть» бау-бақша серіктестігінің 1,1 км электр желісі мен трансформаторлық подстанциясы (ТП-256) «АЖК» акционерлік қоғамының балансына берілді, сондай-ақ «Комфорт Сити» тұрғын үй кешеніне инженерлік желілер тартылғаннан кейін Қожабеков көшесіндегі асфальт жабыны қалпына келтірілді.
- Биылғы қыркүйек айында 83 көшеге 751 тірек орнатылып, ұзындығы 22,5 км көше жарығын жүргізу басталды, жұмыстар 2022 жылдың желтоқсан айында аяқталады.
Сондай-ақ, 7 көшедегі (Радостовец, Айманов, Ганди, Розыбакиев, Мыңбаев, Байтұрсынов, Қозыбаев көшелері) жарықты жаңарту жүргізілуде. Жұмыстар осы жылдың желтоқсан айында аяқталады.
ЕКІНШІ. Әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
Білім беру
Өткен жылдарда көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің көптеп салынуынан аудан мектептеріне едәуір салмақ түсуде.
- Аудан мектептеріндегі орын тапшылығын азайту үшін 1-ші қыркүйекте 3 мектепке (№146, 191, 125) 875 орындық қосымша құрылыс аяқталды.
- 3 мектепті (№81, 40, 45) сейсмикалық күшейтіп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- 30-шы қарашаға дейін «Орбита-3» ықшам ауданындағы №145 мектепті сейсмикалық күшейту және №9 арнайы коррекциялық мектеп-интернатқа қосымша салынған
120 орындық құрылыс аяқталады.
Сондай-ақ 2022 жылғы қараша айында «Қазақфильм» ықшам ауданындағы №70 мектепті сейсмикалық күшейту басталады.
- Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде «Базис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1-ші қазанда №65 мектепке 300 оқушы орындық қосымша құрылыс салуға кірісті.
- Оқушы орындарының тапшылығын одан әрі төмендету мақсатында бүгінгі таңда құрылыс компанияларында келесі жаңа жобалар қарастырылған.
1) қала әкімдігі "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру аясында 2000 орындық мектеп салу үшін ауданы жоспарлауда;
2) "РАМС Қазақстан" ЖШС 2023 жылғы қыркүйекте Жандосов көшесі, 94 (2022 ж.басы – мамыр) бойынша 1 100 орындық мектеп құрылысын аяқтайды, сондай-ақ ағымдағы жылғы желтоқсанда 240 орындық 2 балабақша құрылысын бастайды.
- Мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын азайту үшін бұрынғы №1 балалар үйінің қолданыстағы ғимаратын 480 орындық балабақшаға қайта жаңарту туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы 2023 жылдың көктеміне жоспарланған.
- Ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін Науаи көшесіндегі №113 бөбекжай-бақшасын сейсмикалық күшейту аяқталады.
АДК ауданында да а. ж. соңына дейін "Акварель" ТК (Bazis-A) әрқайсысы 150 орындық 2 балабақша ашылады.
- 2022 жылдың басынан бері 854 орынды 15 жеке балабақша ашылды.
Денсаулық сақтау
- «Мега Алма-Ата» сауда орталығының төңірегінде азаматтарды әлеуметтік объектілермен қамтамасыз ету үшін тұрғындарымыздың өтініштерін ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі парк аймағы бар, 500 келушіге арналған емхана салу үшін 1,1 га жер учаскесін сатып алды. 2023 жылдың I-ші тоқсанында жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленеді, 2023 жылдың IV-ші тоқсанында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады.
- Сондай-ақ «Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында» операциялық блог пен қабылдау бөлімшесінің құрылысы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда жұмыстардың 50%-ті орындалды, құрылыс 2023 жылдың I-ші тоқсанында аяқталады. Сонымен бірге, келесі жылдың ақпан айында «Керуен Медикус» клиникасы перзентханасының жаңа корпусы салынып бітеді.
ҮШІНШІ. Жол инфрақұрылымы және қауіпсіздік
- Осы жылдың басынан бастап жалпы ауданы 8 248 шаршы метр 65 көше ағымдағы жөндеуден өтті, ұзындығы 15,2 км 18 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Оның ішінде тұрғындардың өтініші бойынша Талапты көшесі жөнделді.
Бұдан басқа, 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
- Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері жаяу жүргінші өткелдері белгіленіп, 18 светофор орнатылды.
- Ауданда құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған жол бермеу үшін 1 245 көппәтерлі үйге 7 639 камера орнатылды.
2022 жылдың желтоқсан айында адамдар көп жиналатын жерлерге қосымша 301 бейне мониторинг жүйесі (БМЖ 3050) орнатылады.
- Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 103 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (АПК) (792 камера) орнатылды.
2023 жылдың 1 шілдесіне дейін тағы 96 «Сергек»
(465 камера) орнатылады. Оның ішінде 78 желілік камера негізгі көшелерде, 18-і жол қиылыстарында болады.
- «Южный» паркінде стационарлық модульдік полиция пункті орнатылды.
ТӨРТІНШІ. Жайлы орта құру
- Өткен кездесулерде авариялық жағдайдағы ағаштарды кесу, әсіресе тұрғын үйлердің ауласындағы жасыл желектерді санитарлық кесу туралы сұрақтар жиі қойылды.
Қазір қалада авариялық жағдайдағы 5 мың ағашты кесу жұмыстары басталды, оның ішінде Бостандық ауданында
900 ағаш кесіледі. Қазіргі уақытта ауданның 3 көшесіндегі (Гагарин даңғылы, Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі) авариялық жағдайдағы 207 ағаш оталды, санитарлық мақсатта 4500 ағаш кесілді.
- Ауданда жаңбыр кезінде үнемі су басып кететін 5 учаске бар. Төтенше жағдайлар желісі бойынша бұл проблеманы тездетіп шешу үшін биыл қыркүйек айында арық өткелдерін қалпына келтіру және арық желісін салу жұмыстары басталды.
2 арық өткелін реконструкциялау жұмыстары аяқталды (Жароков және Сәтбаев көшелерінің қиылысы, Байтұрсынов және Сәтбаев көшелерінің қиылысы).
Қалған 3 учаскені жою жұмыстарын 2022 жылдың желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған (Әл-Фараби – Ремизовка, Әл-Фараби – Гагарин, Тимирязев – Гагарин көшелері).
Биылғы қазан айының соңына дейін Әл-Фарабиден Абай даңғылына дейінгі ұзындығы 4,5 км Үлкен Алматы жағалауын реконструкциялауға және абаттандыруға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталады. 2022 жылдың қараша айының соңына дейін жоба бойынша сараптаманың шығуын күтеміз. Жобаны іске асыру 2023 жылдың II-ші тоқсанында басталады.
БЕСІНШІ. Жайлы қалалық орта
- 2022 жылы Бостандық ауданында 80 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған болатын. Алайда, конкурс процедураларының ұзақ жүруіне және шағымдарға байланысты шарттар тек осы жылдың қыркүйек айында жасалды. Осылайша бүгінгі күні 40 аула жөндеумен қамтылды, олар осы жылдың соңына дейін аяқталады. Қалған 40 ауланы 2023 жылдың II-III-ші тоқсанында абаттандыруға мәжбүрміз (2021 жылы 100 аула жөнделді).
- Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша ауданда 800 млн. теңге сомасына 21 жоба іске асырылуда.
Бүгінгі күні 11 объект бойынша жұмыстар аяқталды
(3 - балалар және спорт алаңдары, 1 - суару жүйесі және 7 - қоғамдық кеңістік). Қалған 10 жоба (8 - қоғамдық кеңістік, 1 - суару жүйесі,
1 - жаяу жүргіншілер аймағы) осы жылдың 30-шы қарашасына дейін аяқталады.
Бұл бағдарлама бойынша аудан тұрғындары 2023 жылға қоғамдық кеңістікті абаттандыру және көгалдандыру, балалар мен спорт алаңдарын жөндеу мен орнату және басқалар туралы 165 өтінім берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша алдын ала 17 жоба таңдап алынды (9 - спорт және балалар алаңы,
7 - қоғамдық кеңістік және 1 – сквер).
Құрметті Бостандық ауданының тұрғындары!
Енді сұрақтарға көшуге дайынмын.
Назарларыңызға рақмет!