
Кәсіпорынның негізгі қызметі әртүрлі авариялық және төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтер көрсету болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: авариялық-құтқару қызметі немесе құралым қызметінің ерекшелігіне байланысты біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімі және арнайы даярлықтан өтуі, экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Директор заңнамаға сәйкес кәсіпорынның өндірістік, экономикалық және қаржылық-экономикалық қызметіне басшылық етеді. Кәсіпорын қызметінің саясатын, стратегиясын және оларды іске асыру тетігін айқындайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының көшірмесі;
6) белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары және т.б.) ұсына алады.
Әңгімелесу ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимінде қашықтықтан өтеді.
Аталған құжаттар хабарландыру жарияланған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Алматы қаласы әкімінің аппаратына мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы,
74 А, Әйтеке би көшесінің қиылысы, 3-қабат №38 кабинет.
Анықтама телефоны: 8 778 086 02 77.