
Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!
Сіздерді кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!
Алдыңғы кездесулер қорытындысы бойынша мен хаттамамен 82 тапсырма бердім. Қазіргі уақытта олардың
90%-ке жуығы орындалды.
Әуезов ауданында халықтың тығыз орналасуын ескере отырып, бүгінде инженерлік коммуникацияларды, жол және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ауданды абаттандыру мәселелері өзекті болып табылады.
БІРІНШІ. Сумен жабдықтау және канализация желісін салу
Биылғы жылдың басынан бері 4 жерде 185-тен астам авария болған. Сондықтан әкімдік осы учаскелердегі инженерлік желілерді жаңғырту мәселесін ерекше бақылауға алды. Бұл – Достық, Мамыр-4 шағын аудандары және «Саин-Шаляпин-Жандосов-Қарғалы өзені» көшелері, сондай-ақ Арычная, Ықылас, Западная көшелерінің учаскесі.
Менің тапсырмам бойынша биылғы жылдың сәуір айынан бастап осы микро аудандар мен учаскелерде жалпы ұзындығы 75,8 км сумен қамту және су бұру желілерін (сумен қамту – 29 км, су бұру – 46,8 км) салу және жаңарту жобалануда.
2023 жылдың қаңтар айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтап, мемлекеттік сараптамаға жіберу жоспарланған.
Сараптамадан шыққаннан кейін және жаңа құрылыс маусымы басталған кезде 2023 жылдың II-ші тоқсанында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады.
Осы жобаларды іске асыру 2024 жылдың IV-ші тоқсанына қарай барлық 4 учаске бойынша 11 мыңнан астам абонентті сапалы сумен және канализациямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ЕКІНШІ. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту
Бүгінгі таңда ұзындығы 17,9 км болатын 20 көше мен өтпе жолдарда жұмыс аяқталды.
2022 жыл қараша айының соңына дейін Саин (4,7 км) және Навои (1,8 км) көшелерінде орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталады.
Қажеттілікке байланысты 2023 жылы Өтеген батыр көшесінің батыс жағынан Абай даңғылы мен Қуанышбаев көшесінің арасына, Төле Би көшесінің оңтүстік және солтүстік жағы – Отар көшесінің бұрышына 3 қосымша остановка орнату жоспарланған.
ҮШІНШІ. Қоғамдық қауіпсіздікті арттыру
Қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне, әсіресе Әуезов ауданындағы жол қауіпсіздігіне жеке тоқталып өткім келеді.
9 айдың қорытындысы бойынша қалада тіркелген жол-көлік оқиғалары көлеміндегі ауданның үлесі 14%-ті құрады
(2620 жол-көлік оқиғасының 375-і).
Автомобильдердің жылдамдығын төмендету мақсатында Мұхамеджанов пен Исаев көшелері қиылысына 2 жасанды жол кедергісі және 4 жол белгісі («балалар» және «ең жоғары қозғалыс жылдамдығын 40 км/сағ шектеу») орнатылды.
Фуркат көшесінің бойына Төле би-Шымбұлатов учаскесінде жол белгілері қойылып, «Тоқтауға тыйым салынған» белгісі орнатылды.
31 қазанға дейін Сүлейменов (3), Жандосов (1), Шаляпин (1) көшелерінің бойына тағы 5 светофор орнату және іске қосу жұмыстары аяқталады.
Бейне-мониторинг жүйелері желісін кеңейту үшін қазан айында адамдар көп жиналатын орындарға қосымша
359 камера, оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйлер аулаларына 275 камера, мектептер мен колледждер жанында – 42, жол қиылыстарына – 24, алаңдар мен мешіттерге – 12, парктер мен скверлерге - 6 камера орнату басталды. 2022 жылдың соңына дейін барлық камералар орнатылады.
Көлік құралдарын жүргізу тәртібін жақсарту үшін бүгінде
65 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (526 камера) жұмыс істейді.
2023 жылдың I-ші тоқсанында аудан көшелерін
75 «Сергекпен» қосымша жабдықтау жоспарлануда (600 камера, бүгінде сметалық есеп жүргізілуде, қазан айының соңында аяқталады).
ТӨРТІНШІ. Әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
Білім беру
Алдыңғы кездесуде атап өткенімдей, салынып жатқан «City plus» және «Белкамит» тұрғын үй кешендері жанында құрылыс салушы (Қазақстрой) 1500 орындық 2 жаңа мектеп және 800 орындық 2 балабақша салуды жоспарлап отыр.
Алтын бесік шағын ауданындағы 120 орындық бірінші балабақша бойынша қараша айының соңына дейін жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өту сатысында. Құрылыс монтаждау жұмыстарын 2023 жылғы І-ші тоқсанда бастау жоспарлануда.
10-шы микро ауданындағы 160 орындық екінші балабақша бойынша биылғы мамыр айында қараусыз қалған балабақша ғимараты сатып алынды. Ғимаратты бұзып, құрылыс салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 2023 жылға қаражат көзделетін болады.
Биыл 348 орындық 6 жеке меншік балабақша ашылды.
Денсаулық сақтау
Алдыңғы кездесулерде айтқанымдай, 18-ші емханаға адамдар шамадан тыс көп тіркелген.
Осы емхана жүктемесін азайту үшін Мамыр-1 шағын ауданында бір ауысымда 200 адамды қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынуда (мердігер ұйым – «Шах» ЖШС). Бүгінде жұмыстардың 35%-ті аяқталды, құрылысты 2023 жылдың I-ші тоқсанында бітіру жоспарланған.
Сондай-ақ Қуаныш микро ауданында бір ауысымда
300 адам қабылдайтын № 18 емхананың негізгі ғимаратын салу жұмыстары жүргізілуде. Жуырда сатып алу үшін жер учаскесінің бағасы шығады, ендігі мәселе – құнын жердің иесімен келісу қажет.
БЕСІНШІ. Жайлы қалалық орта
Бүгінде №8,10, Жетісу-1,2,3,4 микро аудандарындағы
167 аулада құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.
Конкурстардың нәтижелеріне бірнеше рет шағымдануға байланысты №7 және 12 шағын аудандардағы 24 аула аумағын күрделі жөндеу 2023 жылға ауыстырылды.
2022 жылдың соңына дейін №9 және 11 микро аудандардағы 30 аула аумағын күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.
137 ауланың жөндеу жұмыстары келесі жылға ауысады. Олар бойынша негізгі жұмыстар биыл аяқталады. Алдыңғы жылдары төселген жабынның сапасына шағымдардың көп болуына байланысты, балалар мен спорт алаңдарының резеңке жабындарын құю жұмыстары ауаның температуралық режимін сақтау қажеттілігіне байланысты келесі жылы жүргізіледі.
Төтенше жағдай желісі бойынша 4 учаскені жою жұмыстары жүргізілуде (Райымбек даңғылы - Момышұлы көшесі мен Яссауи көшесіне диаметрі 1 м өткел салу арқылы), аяқталу мерзімі - осы жылдың соңына дейін.
2022 жылдың аяғына дейін Момышұлы көшесінің бойымен (Жұбанов көшесінен Райымбек даңғылына дейін) ұзындығы 2,1 км (ені 1 м) жаңа су бұру каналы салынады, сондай-ақ Жұбанов, Қабдолов, Өтеген батыр көшелеріндегі ұзындығы 3,5 км қазіргі коллектор қалпына келтіріледі.
Экология және қоршаған орта басқармасы осы жылдың басында бұрын әзірленген жобалау-сметалық құжаттама (мердігер ұйым – «Жасылқұрылыс» ЖШС) бойынша ұзындығы 44 км 67 көшенің арық желісін реконструкциялау және салу жұмыстарын бастады.
Бүгінгі таңда тек 3 км (Ұлықбек көшесі, Марғұлан көшесі, Қабдолов көшесі, Ақсай-4 шағын ауданындағы өту жолы) реконструкцияланды. Басқарма міндеттемелерді орындамауына байланысты мердігер ұйыммен жасалған шартты біржақты тәртіппен бұзады. Сотқа талап-арыз беріледі.
Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары!
Бүгін мен Сіздерді Алматы қаласы әкімдігінің Өздеріңіздің өтініш-тілектеріңізді ескере отырып, жүргізген жұмысының қорытындыларымен таныстырып өттім.
Енді Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.
Назарларыңызға рақмет!