Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі баяндамасы

 

Құрметті Алатау ауданы тұрғындары!

 

Өздеріңізбен қайта кездескеніме қуаныштымын!

Бүгінгі таңда мен берген 92 тапсырманың 70-сі орындалды.

Анықтама үшін: Сіздердің аудан бойынша өткен 2 есептік кездесудің (28 сәуір және 18 шілде) және 9 ақпандағы көшпелі кеңес қорытындысы бойынша 92 хаттамалық тапсырма берілді. Оның 70-і орындалды, 22 тапсырма бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Алатау ауданы тұрғындары инженерлік желілерді, жол және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, қоғамдық көлік жұмысына қатысты мәселені жиі көтереді. 

 

БІРІНШІ. Сумен қамту және канализация желісін салу

Аудан тұрғындарын су және канализациямен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін мынадай жұмыстар жүргізілуде.

Анықтама үшін: Бүгінде Алатау ауданы тек 75% орталық су және 67% канализация желісімен қамтамасыз етілген. Бұл мәселені шешу үшін келесі жұмыстар атқарылуда.

  1. Осы жылдың тамыз айында Ақбұлақ микро ауданында орталық сумен қамту және канализация желісі іске қосылды (29 км). Бұл 1,5 мың жеке тұрғын үйді сапалы сумен қамтуға және орталық канализация жүйесіне қосуға мүмкіндік берді.

Осы жылдың желтоқсан айында Өжет (83,41 км), Самғау (37,46 км) және Шапағат (37 км) микро аудандарында осындай жұмыстар аяқталады. Нәтижесінде тағы 6 мың тұрғын үй қолжетімді сумен және канализациямен қамтылады.

Бұдан басқа, Қарасу, Шаңырақ-1 (аяқталуы – 2023 жылдың желтоқсаны), Алғабас, Әйгерім-1,2, Боралдай (аяқталуы – 2024 жылдың желтоқсаны) микро аудандарында 170 км орталық желінің (су – 92,6 км, канализация – 77,3 км) құрылысы жүріп жатыр, ол
13 мыңнан астам үйді қамтитын болады.

2023 жылдың сәуір айынан бастап Теректі (94 км), Болашақ (5 км), Түркістан (10 км) және Рахат-Мәдениет (130 км) микро аудандарында 239 км сумен қамту (134 км) және канализация (105 км) желісінің құрылысы басталып, 2024 жылы желтоқсанда аяқталады. Нәтижесінде 5 мыңға жуық үй сумен жабдықтау және канализация желісіне қосылады.

  1. 14-аумақтың проблемаларына жеке тоқталып өткім келеді. Менің алғашқы кездесуімде осы микро ауданның тұрғындары 2017 жылдың шілдесінде басталған инженерлік желілер құрылысын аяқтауды және көшедегі асфальтты қалпына келтіруді сұрады.

Энергетика және сумен қамту басқармасы менің тапсырмам бойынша алдын ала тексеру жүргізді. Енді техникалық және құрылыс сараптамасы қажет, осы қыркүйек айында мердігер ұйым анықталды. Алдыңғы мердігер («Керегетас Company LTD» ЖШС) шарт міндеттерін орындамағаны үшін сот шешімімен (Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2019 жылғы 21 қарашадағы шешімі) жауапсыз өнім беруші деп танылды.

Анықтама үшін: Басқарма 2020 жылғы 8 шілдеде Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мердігерді қалған жұмыстарды аяқтауға мәжбүрлеу туралы қайта талап арыз берді. Соттың
2020 жылғы 9 шілдедегі шешімімен талап қою арыздар қанағаттанды. Алайда, 2022 жылдың сәуірінде Мердігер лицензиядан айыруға байланысты объектіні аяқтауды мүмкін еместігі туралы Басқармаға хат жолдады.

Кеше Энергетика және сумен қамту басқармасы, Алатау ауданы әкімдігі 14-аумақ тұрғындарымен кездесті. Азаматтар мен көлік қозғалысы үшін жолдарға төсеніш себу бойынша сұрақтар қарастырылады.

Жаңа инженерлік желілерді салу жұмыстарын
2023 жылдың II тоқсанында бастау жоспарланған.

Биылғы қазан айының соңына дейін Соқпақбаев көшесіндегі желілерді (су және канализация) ауыстыру аяқталады, содан кейін бұл көшеге асфальт төсеу басталады.

Алатау ауданында жоғарыда аталған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін саяжай массивтерін қоспағанда, орталық сумен және канализациямен қамтамасыз ету 100%-ке өседі.

 

ЕКІНШІ. Жол инфрақұрылымын дамыту

Осы жылдың басынан бастап Алатау ауданындағы
53 көшеде ұзындығы 42 км жолды орташа жөндеу жүріп жатыр. Бүгінде Рысқұлов (1,7 км), Райымбек (4,6 км) даңғылдары, Жаңа Саин (4,5), Өтемісұлы (3,9 км) көшелерінде, сондай-ақ Дархан (5,4 км), Саялы (1,7 км), Ұлжан (2,3 км), Өжет (1,1 км), Көк-Қайнар (1,9 км) микро аудандарында жұмыстар аяқталды.

Осы жылдың 15 қарашасына дейін Алғабас (2,2 км) және Ақбұлақ (14,7 км) микро аудандары бойынша жолды орташа жөндеу жұмыстары аяқталады.

Индустриялық аймақтағы және Көк Қайнар, Әйгерім-1,2, Саялы, Самғау, Зерделі микро аудандарында 35 көшені ағымдағы жөндеу аяқталды.

Сонымен бірге, Алғабас микро ауданында өткен жылдан бері 32 км жаңа жол салынып жатыр. Жұмыстарды
2023 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Келесі жылдың III-ші тоқсанында Шаңырақ-1 (8,5 км) және Шапағат (4,8 км) микро аудандарында сумен жабдықтау және канализация желісін төсеу аяқталғаннан кейін 13 км жаңа жол салу басталады.

Жаңа тұрғын үй кешендерін салуға және тұрғындар санының артуына байланысты, Сіздердің өтініштер бойынша Момышұлы көшесіне жаяу жүргіншілер өткелімен бірге 3 жаңа светофор орнатылды. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, светофорлар қосылды.

 

ҮШІНШІ. Қоғамдық көлік жұмысының сапасы

  1. Алдыңғы есептік кездесулерде тұрғындар көпшілігі қоғамдық көлік жұмысы сапасына байланысты өтініш жасады. Бұл проблемалардың басты себебі, ең алдымен, автобус паркінің жетіспеушілігі болып табылады.

Осыған байланысты, биылғы жылдың көктемінде Алматы қаласының әкімдігі 450 жаңа автобус сатып алды, оның ішінде 92 автобус Алатау ауданына бөлінді. Осылайша, қазір ауданның автобус паркі 100% жаңартылды.

Жаңа автобустар арқасында 12 маршрут желінің проблемалары шешілді.

  1. Сіздердің өтініш-тілектеріңізді ескере отырып, «Теплоэнергетик» саяжай массивіне №142, Теректі микро ауданында №53, Қарасу микро ауданынан «Адем» сауда үйіне дейін №35, «Мәдениет» тұрғын үй кешенінен бастап Өжет микро ауданына дейін №24 жаңа маршрут ашылды.

Қарасу және Самғау микро ауданда 2 маршрут ұзартылып, жылжымалы құрам саны көбейтілді. Бұл маршруттар интервалын сақтауға мүмкіндік берді.

 «Шаңырақ-1», «Дархан», «Алғабас», «Теректі», «Ұлжан» микро аудандарында №103, №69, №115, №132 маршрут желілерінің 52 автобусы жаңартылды.

«Рахат-Мәдениет» микро ауданында №24 және  «Саялы» микро ауданында №125 автобус маршруттары қозғалыс интервалы қалпына келді.

  1. Осы жыл басында бүкіл аудан бойынша остановка кешендеріне жалпы қажеттілік 90 бірлікті құрады. Бүгінгі таңда 30 остановка орнатылды. Осы жылдың желтоқсанына дейін тағы 20 остановканы орнатып бітіреміз.

Қалған 40 остановка 2023 жылы орнатылады.  Осылайша, Алатау ауданы бойынша остановкалар  жетіспеушілігі мәселесі 2023 жылдың соңына дейін толығымен шешіледі.

ТӨРТІНШІ. Әлеуметтік инфрақұрылым

Оқушы орындары тапшылығы

  1. Қазір Алатау ауданы мектептеріндегі орын тапшылығы Алматы қаласында бірінші орында және
    8 000 оқушы орнына жуықтайды (7 922).

Анықтама үшін: 2022 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша қалада тапшылық 29 919 орынды құрайды, бұл елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі (Түркістан облысынан кейін).

Бұл мәселені шешу үшін Алматы қаласы әкімдігі оқушы орындары тапшылығы мәселесін реттеу бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

1) Осы жылдың соңына дейін Алатау ауданында
7 800 орындық 5 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланған.

Оның ішінде осы жылғы 1 қыркүйекте Саялы, Томирис және Рахат-Мәдениет микро аудандарында
4800 орындық 3 жаңа мектеп ашылды. Бұл Алматы қаласында үш ауысымда оқитын жалғыз мектептің (Рахат-Мәдениет микро ауданындағы №196 мектеп) мәселесін түпкілікті шешуге мүмкіндік берді.

2) Нұркент және Дархан микро аудандарында қалған 3000 орындық 2 мектепті біз осы оқу жылының II-ші тоқсаны басына қарай ашамыз. Қазіргі уақытта мектептер 95%-ке дайын. Аумақты абаттандыруды аяқтау қалды.

3) Бұдан басқа, Саялы-2, Зерделі және Самғау микро аудандарында 2600 орындық 3 жаңа мектеп салынып жатыр.

Саялы-2 микро ауданында 550 орындық мектептің құрылысы басталды. 2023 жылдың қараша айында аяқталады.

Зерделі микро ауданы бойынша мердігер ұйымды анықтау конкурсы өтуде. Желтоқсан айында 550 орындық мектеп құрылысы басталады.

Самғау микро ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына тиесілі жер учаскесі анықталды. Біз қалаға 2,5 гектар бөлу туралы келісімге келдік, онда 2023 жылы 1500 орындық заманға сай мектеп құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз.

  1. Алатау ауданында 2 мемлекеттік колледж салу жоспарлануда.

1) Бүгінгі күні 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық кәсіптік-техникалық колледж салу үшін мердігер ұйымды анықтауға конкурс өтуде.

2) 2023 жылдың I-ші тоқсанында Индустриялық аймақта 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық инновациялық технологиялар колледжі салына бастайды.

 

       Мектепке дейінгі білім беру мәселесі бойынша

Биыл тамыз айында Саялы микро ауданында 160 орындық бала-бақша құрылысы басталды. Оны 2023 жылы наурызда аяқтау жоспарланған.

Биыл наурыз айында Нұркент микро ауданында жеке инвестор қаражаты есебінен Үстел теннисі орталығы ашылды. Орталықта 3 балалар секциясы қызмет етуде, оларға қазіргі уақытта күніне 50 бала келеді.

Қосымша Зерделі микро ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Нұркентте теннис корттары салынып жатыр. Бұл спорт кешендері келесі жылы желтоқсанда дайын болады.

Балаларды қосымша оқумен қамту үшін (2022 жылғы ақпаннан бастап) аптасына 5 мыңнан астам бала қатыса алатын көпсалалы Инновациялық шығармашылық орталық (Оқушылар сарайы) салынуда. Оның құрылысы 2023 жылдың II-ші тоқсанында аяқталады.

Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылы аясында 2022 жылы балалар спорт және шығарма секцияларын жан басына қаржыландыру көлемі едәуір өсті.

Алатау ауданында Art sport бағдарламасы бойынша шығарма үйірмелер мен спорт секцияларына 15 500 бала қамтылды. Жалпы, қала бойынша бағдарламаға 83 мың бала қатысады.

Менің тапсырмам бойынша қызмет көрсетушілердің қарызын өтеу және бағдарламаны жыл соңына дейін жалғастыру үшін әкімдік қосымша 7,3 млрд. теңге бөлді.

 

Денсаулық сақтау саласын дамыту

Бүгінде Алатау ауданы азаматтарына 8 емхана (5 мемлекеттік және 3 жеке меншік) және 5 амбулатория қызмет көрсетеді, оларға 250 мыңға жуық адам тіркелген.

1) Жыл соңына дейін Саялы және Қарасу микро аудандарында күніне 200 адамға қызмет көрсететін
2 амбулатория құрылысы басталады (аяқталу мерзімі – 2023 жылдың маусымы).

2) Сондай-ақ Алатау ауданында алғашқы көпбейінді аурухананы салу үшін жер учаскесі Зерделіде анықталды. 2023 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2024 жылы құрылысты бастаймыз деген ойдамыз.

 

БЕСІНШІ. Жайлы қалалық орта

  1. 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша қаржыландыру 1,3 млрд-тан 1,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұл 42 жобаны іске асыруға мүмкіндік берді, оның ішінде 24 жоба аяқталды, 18 жоба биылғы қараша айында аяқталады.

24 жобаның барлығында балалар және workout алаңдары қарастырылған. Сондай-ақ, осы жобалар шеңберінде 12 футбол, 7 баскетбол, 6 волейбол алаңы салынды. 

Іске асып жатқан 18 жоба бойынша 6 сквер ағымдағы жөндеуден өтуде, жоғарыда айтылғандай 12 жоба балалар спорт және workout алаңдарын салуға бағытталатын болады.   

  1. Тұрғындар өтініші бойынша «Зерделі» микро ауданында 63 үйдің сыртын жаңартамыз. Бүгінгі таңда 45 үй аяқталды, қалған 18 үйдің жұмысы биыл 15 қарашаға дейін аяқталады.
  2. Зерделі микро ауданында проблемалы 32 үй бойынша.

Анықтама үшін: 1 қаңтардағы жағдай бойынша 23 үйде күшейту жұмыстары жүргізілді (1/130, 1/131, 1/133, 1/135, 1/136, 1/148, 1/150, 1/151, 1/153, 1/155, 1/156, 1/158, 1/160, 1/161, 1/165, 1/167, 1/168, 1/171, 1/172, 1/173, 1/174, 1/179, 1/180).

Жыл соңына дейін 7 үйді (1/139, 1/141, 1/142, 1/144, 1/170, 1/177, 1/178) нығайтып, түзету жұмыстары аяқталады. Қазір 3 үйдің (№1/139, 1/141, 1/142) жұмыстары басталды.

Нығайту жұмыстары «КазНИИСА» институты жобалық шешімдеріне сәйкес қатаң түрде жүріп жатыр (тұрғын үйдің іргетасына бұрғылау қадалары орнатылып, бетон инъекциясы жүргізіледі, қажет болған жағдайда институт шешімі бойынша үйді көтеру құрылыс нормалары мен сейсмикалық аймақтарға арналған ережелерге сәйкес бетонды біртіндеп сулау және қатайту әдісімен жүргізіледі).

Қалған 2 салынып бітпеген үйді бұзу туралы «КазНИИСА» қорытындысы бар. Мердігермен шартқа қол қойылды, осы жыл соңына дейін бұл үйлер бұзылады. Осы жерде тұрғындар талқылауынан кейін сквер салынады деп ойлаймыз.

  1. Осы жылы Қарасу, 13-аумақ, Теректі, Саялы, Нұркент және Зерделі микро аудандарында 53 аулаға күрделі жөндеу жүргізілді.
  2. Ауданда жауын кезінде 18 учаскені үнемі су басады. Бұл мәселені жедел шешу үшін төтенше жағдай желісі бойынша каналдарды бұратын коллекторларды қалпына келтіру, арықтар салу жұмыстары басталды.

Бүгінгі таңда 7 учаске бойынша жұмыстар аяқталды.
3 коллектор қалпына келтірілді, (Қаракемер, Мұқаев, Таджикская көшелері, Райымбек даңғылы мен Момышұлының қиылысы) ұзындығы 955 м арық желісі салынып бітті.

Қалған 11 учаскенің жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтаймыз.

2 коллектор (4,9 км), 1 канал (3,6 км) қалпына келтіріледі, сондай-ақ 8 учаскеде (5,9 км) арық желісі салынады.

  1. Рекреация аймақтарды құру мақсатында 3 ірі жобаның жобалау-смета құжаттамасы әзірленуде, оның ішінде Өжет микро ауданында Боралдай өзенінің бойында
    24 гектар тоғанды, Зерделі микро ауданында 40 гектар жасыл аймақты абаттандыру көзделген. Құрылыс жұмыстары көктемде басталып, 2023 жылдың соңына дейін аяқталады.
  2. Бұдан басқа күзде аудан бойынша 65 мың ағаш және 20 мың көшет отырғызу жоспарлануда.
  3. Аудан аумағында 655 көп этажды үй орналасқан, оның ішінде 1158 подъезд бар, онда 3071 камера орнатылған.

Сонымен бірге биылғы 15 қазаннан бастап қала аумағында 3050 камера орнату жоспары аясында ауданда 327 бейнебақылау камерасы орнатыла бастайды, оны желтоқсанда аяқтау жоспарланған.

Аталған 327 камера келесі жерде орнатылатын болады:

- Парктер мен скверлер - 13 камера;

- Алаңдар мен мешіттер - 6;

- Мектептер мен колледждер маңы - 24;

- Емханалар мен ауруханалар маңы - 8;

- Көп этажды тұрғын үлер аулалары - 266;

- Криминогенді жерлер - 10;

2023 жылдың I тоқсанында қосымша 98 «Сергек» аппарат-бағдарлама кешендерін орнату жоспарлануда.

Анықтама үшін: Автокөлік жүргізу тәртібін арттыру мақсатында 82 жерде 330 «Сергек» камерасы және азаматтар көп жиналатын жерлерде 55 бейне мониторинг жүйесі жұмыс істейді.

 

Құрметті Алатау ауданы тұрғындары!

Сіздердің сұраныстар мен өтініштер бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап шықтым.

Енді Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.

Назарларыңызға рақмет!

 

Дата публикации
06 октября 2022
Дата обновления
06 октября 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы