
Алматы қаласының әкімі Е. Досаевтың Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуіндегі сөзі
29.09.2022 ж.
Құрметті Медеу ауданының тұрғындары!
Сіздерді бүгін біздің кезекті кездесуімізде көргеніме қуаныштымын.
Бүгінгі күні Сіздермен өткен кездесулердің қорытындысы бойынша мен берген тапсырмалардың 80% - ы орындалып,
15 тапсырма орындалу үстінде.
Сіздердің сұраныстарыңыз бен айтылған ұсыныстарыңыз бойынша біз жүргізген жұмыстың негізгі қорытындыларына тоқтала кетейін.
СУМЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ КАНАЛИЗАЦИЯ
Бірінші. Өткен кездесуде Сіздер Медеу ауданында халықты сапалы ауыз сумен және канализациямен қамтамасыз ету мәселелерін көтерген болатынсыздар.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Екінші. Ауданда үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
Ағымдағы жылдың соңына дейін 18 көше бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады (Талғар және Құлжа жолдары арасындағы 5 шақырым көше, Достық даңғылы, Жамақаев көшесі, 11-үй, Рубинштейн көшесі, Казачка өзені, Дауыр көшесі, Горная көшесі, Жаркент көшесі, Әжібай батыр көшесі, Обсерватория көшесі, Сәрсенбаев көшесі Кенсай-2 зиратына қарай, Иванилов көшесі,, Жамақаев көшесі, 254 үй, Западная көшесі, Шоқай көшесі,Сұлтанғазин көшесі, Оңдасынов көшесі, Халиуллин көшесі). Қалған көшелер бойынша жұмыстар 2023 жылы аяқталады.
Үшінші. Ауданның көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін ұзындығы 5,7 км Шығыс айналма автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді (1 млрд.тг).
Жыл басынан бастап ұзындығы 21,4 км (1,4 млрд.теңге) 29 көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды, онда тротуарлар салуды да қамтылған. Бүгінгі күні 27 көше бойынша жұмыстар аяқталды және Уәлиханов көшесі мен Горный тұйық көшесі бойынша жұмыстар жүргізілуде, оларды ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.
ОРТА БІЛІМ БЕРУ
Төртінші. Бүгінгі таңда, Медеу ауданында 3 986 оқушы орны жетіспейді. Орын тапшылығын төмендету мақсатында қазіргі уақытта №48 мектеп-лицейінде күрделі жөндеу жүргізілуде, ол аяқталғаннан кейін 210 жаңа оқушы орны ашылады. Жұмыстар ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін аяқталады.
№131 мектеп-лицейінің аумағында сейсмикалық күшейтумен қоса күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл жұмыстарды 2023 жылдың III тоқсанында аяқтауды жоспарлап отырмыз.
№131 мектеп-лицейінің аумағында сейсмикалық күшейтумен қоса күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл жұмыстарды 2023 жылдың III тоқсанында аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Бұдан басқа, №131, №35 және №99 мектептер бойынша 2023 жылдың II тоқсанында 800 жаңа орынға арналған үш қосымша құрылыс салуға жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу аяқталады.
Оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселесі Думан ықшам ауданында да шешілетін болады, онда 1200 орындық жаңа мектеп салынады. Құрылыс жұмыстарын бастау 2023 жылдың ІІ тоқсанына жоспарланған.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде орын тапшылығын төмендету үшін биылғы жылы №114, №116 және №141 мемлекеттік балабақшаларда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, онда жаңа 135 орын ашылды.
Сонымен қатар, биыл 400 орындық 2 жекеменшік балабақша коммуналдық меншікке қайтарылды. Олардың бірі - "Әйгерім" балабақшасы (280 орын) мемлекеттік бағдарлама аясында өз жұмысын бастады. Екінші «Ақмарал» балабақшасы (120 орын) биылғы жылдың соңына дейін ашылады.
Бұдан басқа, биыл қосымша 457 орынды құрайтын 10 жаңа жекеменшік балабақша ашылды. Сондай-ақ жыл соңына дейін 250 орындық тағы бір жекеменшік балабақша ашу жоспарланып отыр.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Бесінші Денсаулық саласындағы түйткілді мәселелерді шешу үшін ауданда бірқатар жұмыстар жүргізілуде:
1) «Кеңсай» ықшам ауданында ауысымына 120 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынуда. Аталған нысан биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.
2) «Алатау» ықшам ауданында қалалық аурухананың сейсмотұрақтылығын күшейте отырып, күрделі жөндеу жүргізуге Жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленеді.
Жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтау 2023 жылдың III тоқсанына жоспарлануда.
3) «Думан» ықшам ауданында ауысымына 500 орындық жаңа емхана салынады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылдың ІІІ тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз.
4) Сондай-ақ, Горный гигант ықшам ауданында биыл ауысымына 400 келушіге арналған емханасы және амбулаториялық хирургия орталығы бар «Mediker Hospital International» жекеменшік клиникасының құрылысы аяқталды.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ НЫСАНДАРЫ
Алтыншы. Медеу ауданының тұрғындарын спорт нысандарымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
Ағымдағы жылдың маусым айында Орталық мәдениет және демалыс саябағында жобалық қуаты күніне 100 адамға арналған велотрек құрылысы аяқталды. Жеке инвестициялар көлемі шамамен 400 млн теңгені құрады.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін Алатау ықшам ауданында жобалық қуаты 150 адамға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашады.
ЖАЙЛЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТА
Жетінші. Сіздердің ауданыңызда қоғамдық кеңістікті дамыту жұмыстары белсенді жалғасуда.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын келесі жылдың көктемінде бастауды жоспарлап отырмыз.
ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ - 2022/АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ
1.«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2022 жылы 800 млн теңгеге 19 жоба іріктеп алынды. Оның
18-і аяқталды, бір жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бұл - Тіксай өзенінің жағалауын абаттандыру. Жұмыстарды осы жылдың қазан айында аяқтауды жоспарлап отырмыз.
2.Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында жалпы сомасы 493 млн теңгені құрайтын 23 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде – Кіші Алматы өзенінің жағалауын абаттандыру және 20 ауланы жөндеу жобасы бар. Бұл жұмыстар биылғы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады.
3.Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде келіп түскен 128 өтінім бойынша дауыс беру аяқталды, оның ішінен бүгінгі күні комиссия алдын ала іріктеп алды
«Халықтық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде келіп түскен 128 өтінім бойынша дауыс беру аяқталды, оның ішінен бүгінгі күні комиссия алдын ала 800 млн. теңге сомасына 2023 жылы жүзеге асырылатын 30 жобаны іріктеп алды
Құрметті Медеу ауданының тұрғындары!
Сіздердің сұрақтарыңызға көшуге дайынмын.
Назарларыңызға рақмет.