Лого

Меню

Страницы

Статья

«TILASHAR» коллекциялық монеталарының сатылымы басталғаны туралы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» РММ Алматы қалалық филиалы 2022 жылдың 26  тамызда номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиордан және номиналы 100 теңгелік нейзильберден жасалған монеталар «TILASHAR» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады.

«TILASHAR» коллекциялық монеталарын сату Ұлттық Банктің kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады.

 

      «TILASHAR» коллекциялық монеталары туралы

 

Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиордан және номиналы 100 теңгелік нейзильберден жасалған монеталар «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясын жалғастырады.

«Тілашар» – әр отбасының өміріндегі ерекше оқиға. Бұрын әдет-ғұрып бала алғашқы сөздерін айтқаннан кейін жасалған. Бүгінгі таңда дәстүр білім алу жолындағы алғашқы қадамды білдіреді.

Монеталардың басты бетінінің (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, айналдыра – QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген жазуы, төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін жазу орналасқан.

Монеталардың екінші бетінде (реверсінде) мектеп атрибуты элементтері бар балалар суреттерінің бейнелері, монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін, соғылған жылы көрсетілген жазу орналасқан.

Күмістен, мельхиор қоспасынан және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет жағы мен сырт жағының бейнелері бірдей. Күмістен жасалған монеталар түрлі-түсті эмаль жағу технологиясын қолдана отырып жасалған, мельхиордан жасалған монеталарда интерференциялық құбылмалы бет қабатын жағу технологиясы қолданылған.

Бұл монеталардың барлығы олардың белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға жатады.

Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлік сапа сертификаттары бар кәдесый орамында шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Толығырақ Ақпаратты «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Алматы қалалық филиалы әзірледі.

Дата публикации
26 августа 2022
Дата обновления
26 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ПРЕСС-АНОНС
Ақпарат
22 октября 2026
Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы
Ақпарат
22 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы