
Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!
Бүгін Сіздермен қайта кездесуге қуаныштымын!
Сіздердің өтініштеріңіз бен алдыңғы кездесуде айтылған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталғым келеді.
Мен берген хаттамалық тапсырмалардың 70%-і орындалды, қалған 21 тапсырма бойынша жұмыс жасалып жатыр.
БІРІНШІ. Наурызбай ауданы құрылғаннан бері ауыз су мәселесі тұрғындар үшін аса өткір проблема болып отыр.
1) Қазіргі уақытта Қарғалы су қоймасының құрылысы аяқталып, Ақсай су қоймасының құрылысы басталды.
Қарғалы бойынша жұмыстар 80%-ке аяқталды, 12 нысан салынды. Іле-Алатауы паркі аумағында қосымша рұқсат құжаттарын алу қажет болғандықтан, құрылыс уақытша тоқтатылды. Бүгінде жұмыстар қайта жанданды. Объектіні келесі жылдың 3-ші тоқсанында тапсыруды жоспарлап отырмыз.
«Ақсай» су қоймасы бойынша конкурстық процедуралар аяқталды, құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақша бөлінді, мердігер ұйым - «Integra» компаниясы, қазір құрылыс жұмыстары басталып кетті.Аяқталу мерзімі 2025 жылдың 3-ші тоқсаны.
2) Сонымен қатар, су құбыры мен канализация желілерін жобалау және салу жұмыстары жүріп жатыр.
Қазіргі таңда 5 шағын ауданда ұзындығы 195 кмсу құбыры және канализация желілері тартылды.
Ақжар, Таусамалы, Шұғыла 3 шағын ауданында құрылыс жүріп жатыр, жоспарланған 30 км су құбыры және канализация желілерінің 19 киллометрі салынды. Қалған 11 киллометрі 2023 жылдың маусым айына дейін аяқталады.
Сондай-ақ, 3 шағын аудан бойынша ұзындығы 135 км су құбыры және 132 км канализация желілерінің жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда.
Яғни, Қарағайлы шағын ауданында 25 км су құбыры және22 км канализация желілері.
Ақжар шағын ауданында 20 км су құбыры және 20 км канализация желілері.
Тастыбұлақ шағын ауданында 90 км су құбыры және 90 км канализация желілері салынады.
Ақжар және Қарағайлы шағын аудардарының құжаттары желтоқсан айында мемлекеттік сараптамадан шығады, құрылысы 2023 жылдың 2-ші тоқсанда басталады, ал Тастыбұлақ бойынша сараптамасы келесі жылдың наурыз айында шығады, құрылысы 3-ші тоқсанында басталады.
3) Ақжар шағын ауданын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін осы жазда, Ақсай сүзгі станциясын салу кезінде, мен Алматының жер асты су қорларынан су тарту үшін сорғы станциялары мен магистральдық су құбырын салу туралы шешім қабылдадым.
4) Алматының батыс бөлігін сумен қамтамасыз ету үшін «Виват» компаниясы желтоқсан айына дейін ұзындығы 34 км батыс канализация коллекторының жобалау-сметалық құжаттамасын аяқтауды жоспарлап отыр. Содан кейін осы жобаны қаржыландыру мәселесі пысықталады (шамамен құны – 58 млрд. теңге).
ЕКІНШІ. Жол-көлік инфрақұрылымы
1) Ауданда жолдың сапасын арттыру мақсатында Таусамалы, Тастыбұлақ шағын аудандарында ұзындығы 10 кмболатын 6 көше орташа жөндеуден өтті.
Наурызбай ауданына алғаш барған кезімде Ақжар, Тастыбұлақ және Шұғыла шағын аудандарының тұрғындары Әшімов, Таутаған және тағы басқа көшелерді жөндеуді сұраған болатын. Қала әкімдігі жұмысты мамыр айында бастап кетті.
Ақжар шағын ауданындағы 19 көшеде ұзындығы 4,5 км көше-жол желісінің құрылысы аяқталды.
Сондай-ақ, өткен кездесуде «Алма сити-5» тұрғындары Алатау даңғылына шыға алмайтынын айтқан болатын. Осы учаскедегі жол құрылысын қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Жалпы, биыл Ақжар, Тастыбұлақ, Шұғыла шағын аудандарында ұзындығы 49 км болатын 50 көшені жөндеу және салу жоспарланған. Осы жұмыстар қарашаға дейін аяқталады.
Жауын-шашын жауған кезде аудан көшелерін су басу проблемасы өзекті болып қала береді. Аудан бойынша үнемі су басуға ұшырайтын 6 учаске анықталды. Осы проблеманы толық шешу үшін ТЖ жою шеңберінде құрылыс жұмыстары басталды, оларды ағымдағы жылдың қараша айында аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Ойжайлау өзенінің арнасы ұзындығы 980 метр нығайтылады, Райымбек даңғылы бойында "Нұрлы Дала" ТК-ден Ақсай өзенінің арнасына дейін ұзындығы 1400 м бұру арнасы жайластырылады, Төлебеков, Талжанов, Жадыра және Сәбденов көшелері бойынша ұзындығы 800 м арық желісі салынады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап ұзындығы 7 км 3 көшеде арық желілері салынды және қайта жаңартылды. Жыл соңына дейін тағы ұзындығы 3 км болатын 2 көшені аяқтауды жоспарлап отырмыз.
ҮШІНШІ. Қоғамдық көлік
Алдыңғы кездесуімізде айтылған сіздердің өтініштеріңіз бен тілектеріңіз негізінде 3 маршрут: барлық базарынан Абай саяжайларына Карьерная көшесі бойынша №31 және №67 және Момышұлы метро станциясын қамти отырып №110 бағыттары ұзартылды.
Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 3 бағыт жаңарды. Автобустар саны №44 маршрут бойынша 12 – ден 14 – ке дейін, №55 маршрут бойынша 7-ден 10-ға дейін және №137 маршрут бойынша 16-дан 19-ға дейін көбейтілді.
2) Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін аудан аумағында Алатау, Әшімов және Строительная көшелерінде 6 аялдама кешені орнатылды. . Ағымдағы жылдың қазан айына дейін Карьерная, Тажиев көшелері мен шағын ауданына қосымша 6 толық аялдама орнатуды жоспарлап отырмыз. Қалқаман. Мұндай мүмкіндік жоқ учаскелерде "Аялдама"белгісі бар тиісті жол белгілері орнатылады.
ТӨРТІНШІ. Әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
Білім беру мәселесі бойынша
1) Орын тапшылығын азайту мақсатында ауданда
1 қыркүйекке дейін 2 400 орындық 2 мектеп (яғни, Қалқаман шағын ауданында 1800 орындық № 206 мектеп, Қарғалы шағын ауданында 600 орындық «Заман» жеке меншік мектебін) ашу жоспарланған.
Жыл соңына дейін тағы 2 мектептің құрылысы аяқталады. Олар «Алма сити - 5» аумағындағы 1 200 орындық (90%, қазанда аяқталады) және Қалқаман шағын ауданы, Абай даңғылындағы
1 500 орындық (75%) мектептер.
Сонымен қатар, Шұғыла шағын ауданындағы «Әлем сити», «Алма сити - 4» тұрғын үй кешендерінің аумағында Qazaq Stroy 1 200 орындық 2 мектептің құрылысын салып жатыр, келесі жылы 3-ші тоқсанда пайдалануға беріледі.
2) Құрамыс шағын ауданындағы 1 200 орындық, Шұғыла шағын ауданындағы 1 600 орындық 2 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс жариялау үшін құжаттар дайындалуда. Құрылыс 2023 жылдың 2-ші тоқсанына жоспарланған.
3) Сондай-ақ, Шұғыла шағын ауданындағы № 174 мектепке 375 орындық қосымша құрылыс салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл жұмысты алдымыздағы желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын келесі жылы 2-ші тоқсанда бастаймыз.
4) Балабақшадағы орын тапшылығын азайту мақсатында Шұғыла шағын ауданында 320 орындық балабақша құрылысы басталды 2023 жылдың 2-тоқсанында аяқталады.
«Нұрлы Дала» кешеніндегі 320 орындық балабақша бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылы 2-ші тоқсанда басталады).
Бұдан басқа, 3 балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша конкурс жариялау үшін құжаттар дайындалып жатыр.
Денсаулық сақтауды дамыту
Аудан емханаларының шамадан тыс жүктелуі өткір мәселе болып отыр. Ауданның жоғарғы бөлігінде емдеу мекемелері жоқ. Сондай-ақ, инфрақұрылымды дамытудың жылдам қарқынын және аудан халқының жыл сайынғы 10-12 мыңға өсуін ескере отырып. Алматы қаласының әкімдігі 500 келушіге арналған 2 жаңа емхана мен 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салуды жоспарлап отыр.
Ақжар шағын ауданында 200 орындық дәрігерлік амбулатория құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сараптаманың қорытындысын аламыз деп күтілуде. ҚМЖ басталуы-2023 жылдың 1 тоқсаны.
Құрамыс шағын ауданында емхананың ЖСҚ әзірленді, осы жылдың қараша айында мемлекеттік сараптама қорытындысын алуды күтеміз, ҚМЖ 2023 жылдың 2 тоқсанында басталады.
Шұғыла шағын ауданында емхананың ЖСҚ әзірлеуге конкурс жариялау үшін құжаттама дайындалуда, оған мемлекеттік сараптаманың қорытындысын 2023 жылғы желтоқсанда алуды жоспарлап отырмыз.
БЕСІНШІ. Абаттандыру мен қауіпсіздік мәселесі
1) «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде биыл менің тапсырмам бойынша қаржыландыру көлемі 600 млн теңгеге, яғни 1 млрд. 800 млн теңгеге дейін көбейтілді.
47 жоба таңдап алынды, оның ішінде 20 жоба аяқталды. 27-сі октябрь айының соңына дейін аяқталады. Осы жобалар шеңберінде балалар, workout алаңдары, спорт аймақтары, жаяу жүретін және парк аймақтары салыну қажет.
Келесі жылы бағдарламаны жалғастырамыз, сіздерден 129 жобалық ұсыныс түсті, дауыс беру нәтижесі бойынша келесі жылдан бастап іске асырылатын болады.
2) Ауданда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейнебақылау камераларымен қамту мақсатында барлық әлеуметтік объектілерде, сондай-ақ адам көп жиналатын жерлерде желтоқсан айына дейін 300 видеомониторинг жүйесі орнатылады. Қазіргі таңда конкурстық процедуралар жүріп жатыр. Бүгінгі күні конкурстық рәсімдер өткізілуде шартқа 31.08.2022 ж. дейін қол қойылады.
Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!
Енді сіздердің сұрақтарыңызға көшейік.
Назарларыңызға рақмет!