Лого

Меню

Страницы

Статья

2022 жылдың 2 тоқсанында Алматы қаласы тұрғындарымен аудан әкімдерінің кездесулерін өткізу қорытындысы бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулер өткізу туралы» Жарлығын орындау үшін 2-тоқсанда Алматы қаласы аудандарының әкімдері 30 кездесу жоспарлады және өткізді.

Олар:

  • Алатау ауданының әкімі - 6;
  • Алмалы ауданының әкімі - 4;
  • Әуезов ауданының әкімі - 3;
  • Бостандық ауданының әкімі - 4;
  • Жетісу ауданының әкімі - 3;
  • Медеу ауданының әкімі - 3;
  • Наурызбай ауданының әкімі - 4;
  • Түрксіб ауданының әкімі - 3.

Кездесулер қалалық мәслихат депутаттары, аумақтық және мемлекеттік органдардың басшылық құрамы, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Кездесулер өткізу туралы жарияланымдар бұқаралық ақпарат құралдарында, әкімдіктердің ресми аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және жалпыға қолжетімді орындарда жарияланды.

Аудан әкімдерінің кездесулеріне қатысқан тұрғындардың жалпы саны 4120 азамат, 1254 мәселе көтерілді. Оның ішінде сұрақтар сипаты бойынша:

  1. экономикалық сипаттағы және бюджет – 3;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету – 5;
  3. тұрғын үй қатынастары – 29;
  4. жер қатынастары – 45;
  5. автомобиль жолдарын жөндеу және салу – 46;
  6. білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерін жөндеу және салу – 41;
  7. сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрлендіру, телефондандыру және интернет жүргізу – 140;
  8. кәсіпкерлік – 38;
  9. ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі – 17;
  10. абаттандыру, санитарлық тазалау және экология – 356;
  11. басқа да – 534.

Кездесу барысында 408 жазбаша өтініш келіп түсті. Кездесу қорытындысы бойынша азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды. Алматы қаласы аудан әкімдері жеке қабылдауында 233 азаматты қабылдады.

Дата публикации
25 июля 2022
Дата обновления
25 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы