
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулер өткізу туралы» Жарлығын орындау үшін 2-тоқсанда Алматы қаласы әкімі 8 кездесу жоспарлады және өткізді.
Кездесулер қалалық мәслихат депутаттары, аумақтық және мемлекеттік органдардың басшылық құрамы, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Кездесулер өткізу туралы жарияланымдар бұқаралық ақпарат құралдарында, әкімдіктердің ресми аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және жалпыға қолжетімді орындарда жарияланды.
Қала әкімінің кездесулеріне қатысқан тұрғындар саны 36 219 адамды құрады, 3900-ге жуығы залда болды, қалғандары онлайн трансляция арқылы қатысты. 508 азамат сөйледі, 663 мәселе көтерілді. Оның ішінде сұрақтар сипаты бойынша:
Кездесу барысында 534 жазбаша өтініш келіп түсті. Кездесу қорытындысы бойынша азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды. Алматы қаласының әкімі жеке қабылдауында 41 азаматты қабылдады.