Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е. А. Досаевтың Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде сөйлеген сөзі

 

Құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!

Сіздерді біздің кездесуімізде көргеніме қуаныштымын!

Алмалы ауданы – қаланың тарихи, іскерлік, білім және мәдени орталығы.

Мұнда қаланың 16 жоғары оқу орны (41%), 35% мәдени мекемелер, 8 республикалық ғылыми медициналық орталық (23 парк пен сквер, 28 сауда орталығы және 35 қонақ үй) орналасқан.

Анықтама үшін: 45 объект, оның ішінде 4 кинотеатр,
8 кітапхана, 10 музей, 1 концерт залы, 7 театр, 6 музыка мектебі,
1 балалар шығармашылық үйі, 1 домбыра орталығы, 5 галерея,
1 жазушылар одағы, 1 суретшілер одағы.

 

Аудан мегаполистегі халық ең тығыз қоныстанған аудан ретінде сервис пен жайлы өмір сүрудің жоғары стандарттарын белгілейді (1 шаршы метрге 1227 адам, Бостандық ауданынан кейін 2-ші орында).

Аудан аумағы жағынан ең кішкентай аудан болып табылады (3%), дегенмен мұнда қала халқының 11%-ті (224,5 мың адам) тұрады.

Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіпте (+1,4%), көтерме саудада (+26%) оң динамика байқалады. Салық түсімі 28,1%-ке өсті. Ауданда 41 мың бизнес субъектісі жұмыс істейді.

Жалпы, қаланың басқа аудандарымен салыстырғанда, Алмалы ауданы "қалыптасқан", онда қаланың басқа аудандарына тән көптеген проблемалар онша өткір  тұрған жоқ.

Сонымен қатар, тұрғындар инженерлік желілердің тозуы, әлеуметтік нысандардың шамадан тыс жүктелуі, қауіпсіздік, сондай-ақ абаттандыру және тарихи орталықты сақтау мәселелерін көтеруде. Осы мәселелерді шешудің тәсілдері мен жолдарын Сіздермен бөлісуге рұқсат етіңіздер.

 

БІРІНШІ Инфрақұрылыммен жоғары қамтамасыз етілгенде, негізгі проблема 60-шы жылдары салынған инженерлік желілердің тозуы болып табылады (электр энергетикасы – 70%, су құбыры - 72,6%, кәріз – 79,1%, жылу желісі – 63,9%).

  • 1) электр энергетикасында тозу 70% - ды құрайды. Желілерді жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

  Ағымдағы жылы жобалық қуатын 6-дан 10 кВт-қа дейін ұлғайта отырып, 81 км (856,8 км-ден) кабельдік желілер жаңғыртылатын болады. Бұл ауданның 91 мың тұрғынын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етеді.

 Жалпы, желілердің тозуы ағымдағы жылдың соңына дейін 60% - ға дейін төмендейді.

         
Сумен жабдықтау бойынша тозу 72,6% - ды құрайды, бұл қала бойынша орташа көрсеткіштен 17,6% - ға жоғары.   В Ағымдағы жылы Тұрғыт Озал (Абайдан Есенжановқа дейін) және Байтұрсынов (Төле биден Әйтеке биге дейін) көшелеріндегі (барлығы 870 метр) су құбыры желілері қайта жаңартылады.

              Иесіз желілер бөлігінде ағымдағы жылдың соңына дейін коммуналдық меншікке кәріз желілері қабылданатын болады

"Панорама" тұрғын үй кешеніндегі "Жайлы"ТК және КСС.

Ағымдағы жылы 415 м жылу желілері жаңғыртылады (Досмұхамедов бойынша Құрманғазыдан Абайға дейін және Бөгенбай батыр – Радоставец ауласының ішінде 2 учаске).

Ағымдағы жылдың мамыр айының соңында Әуезов көшесін Райымбек даңғылымен байланыстыратын ұзындығы 800 м болатын жаңа жол учаскесі ашылды. Ашық учаске іргелес көшелердің көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтты.

Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 12 шақырымнан асатын 11 көшенің жолдары жөнделеді, бүгінде 2 көшеде жұмыстар аяқталды.

 

ЕКІНШІ. Әлеуметтік салада объектілермен қамтамасыз етілу басқа аудардарға қарағанда жоғары. 

Білім беру саласы

Орта және мектепке дейінгі білім беру саласында орын тапшылығы жиынтықта 4,1 мың орынды құрайды (1,8 мың – мектеп, 2,3 мың – мектепке дейінгі мекемелер). Тапшылықты азайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. 

  • Мәселен, биыл (№34 және 144 гимназияларға)
    850 орындық 2 қосымша құрылыс пайдалануға берілді. № 15 гимназияны сейсмикалық күшейту арқылы күрделі жөндеу жұмыстары басталды (2023 жылдың шілде айында аяқталады). Оқушылар үйінің ғимаратын бұзып, №16 мектепке қосымша құрылыс салу үшін жобалау құжаттамасын әзірлеу басталады (сараптама қорытындысын алу мерзімі – 2023 жылдың 3-ші тоқсаны).

2) Мектепке дейінгі білім беру объектілері бойынша                 № 43 бала бақша ғимаратының бұрын жекешелендірілген бөлігі сатып алынды.

Оқу жылының басына дейін № 7 бала бақшаны сейсмикалық күшейтуді аяқтаймыз. Мұратбаев - Жібек Жолы көшесіндегі бұрынғы бала бақша ғимаратын жеке меншіктен қайтарып алу және Тілендиев көшесіндегі бұрынғы бала бақшаны қалпына келтіру мәселесін пысықтап жатырмыз.

Денсаулық сақтау саласы

Алмалы ауданы денсаулық сақтаудың сапалы жүйесінің орталығы болып табылады, бұл емханаларға тіркелген халықтың санына әсер етті. Халықты емханаларға бекітудің еркін сипатына байланысты, мұнда қаланың және облыстың басқа аудандарының тұрғындары  тіркелуге ұмтылады.

Аудан халқының саны 224,5 мың адам болса, ауданның 18 емханасында жақын маңдағы аудандардың (Бостандық, Жетісу және Түрксіб аудандарының тұрғындары) тұрғындарын тіркеу есебінен 2 есе көп пациенттерге немесе 443 мың адамға қызмет көрсетіледі.

Бүгінде ескі ғимаратты бұзып, ревматологиялық орталықтың орнына 500 келушіге арналған жаңа емхана салу бойынша ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді, ревматологиялық орталықтың 1947 жылы салынған ескі ғимаратының  (ЖСҚ әзірленуде, сараптама қорытындысын алу мерзімі – 2023 жылғы 2 тоқсан) орнына бой көтеретін болады. Осы жылдың соңына дейін ревматологиялық орталық Құрманғазы көшесіндегі оқу-клиникалық орталықтың ғимаратына көшеді.

Сондай-ақ, Райымбек даңғылы 312  мекенжай бойынша бойынша психикалық дамуы тежелген балаларға арналған бассейні бар спорт орталығының құрылысына ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда (ЖСҚ әзірлеуге конкурс жариялау жоспарлануда, сараптама қорытындысын алу мерзімі – 2023 жылғы 2 тоқсан)

 

Мәдениет саласы

Алмалы ауданы қаламыздың мәдени саласында негізгі  рөл атқарады.

Бүгінде Алмалы ауданында 45 мәдени-демалыс объектісі, 53 тарих және мәдениет ескерткіші бар.

Анықтама үшін: 1 - мавзолей, 2 - археология қорғаны,                                 16 - монументалды ескерткіш, 34 - сәулет ескерткіші, 4 кинотеатр,                   8 кітапхана, 10 музей, 1 концерт залы, 7 театр, 6 музыка мектебі,                1 балалар шығармашылық үйі, 1 домбыра орталығы, 5 галерея,                                  1 жазушылар одағы, 1 суретшілер одағы.

 

Биыл Мәуленов көшесінде жаңа кітапхананы аштық, онда коворкинг аймағы мен балаларды дамыту орталығы жұмыс істейді. Осылайша, аудан кітапханаларының жалпы саны 8-ге жетті. Аудан кітапханалары 10 парк пен скверлерде балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын-сауық бағдарламалары бар «Жарқын жаз» маусымдық жобасын іске асыруда.

Сонымен қатар, биыл Райымбек батыр мавзолейін реконструкциялау жұмыстарын бастап, 2023 жылы аяқтаймыз.

ҮШІНШІ.Алмалы ауданы қаланың "жасыл" аудандарының бірі болып табылады. Аудан аумағында 1 саябақ, 22 сквер, 24 бульвар және жасыл аймақтар бар.

1) Биылғы жылы аудан Құрманғазы – Абылай хан – Шевченко – Панфилов көшелерінің бойындағы алаңы 3,5 га болатын тағы бір саябақ аумағымен толықтырылады, қазіргі уақытта құрылыс процесі басталды. Сондай-ақ, 2 скверді қайта жаңғыртамыз, "ҚБТУ" - да жұмыстар жүргізілуде, "Әлия мен Мәншүк" скверінде абаттандыру жұмыстары ағымдағы жылдың күзінде басталады.

2) Осы жылдың шілде айында біз  «Сайран» су қоймасының түбін механикалық тазарту бойынша жоба сараптамасының қорытындысын алуды жоспарлап отырмыз, оның жұмыстары қазан айында басталып, жыл соңында аяқталады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қазан айында қалаға жақын аумақтарды абаттандырып, қолжетімді демалыс аймағын ұйымдастыру бойынша жобаны әзірлеуді аяқтау жоспарлануда. Жұмысты 2023 жылы бастауды жоспарлап отырмыз.  

3.Аномалиялы жауын-шашынның түсуіне байланысты көктемгі кезеңде ауданда тұрақты су басудың 8 учаскесі анықталды, жыл соңына дейін осы учаскелер бойынша апаттарды-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай – ақ, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін су бұру коллекторларын қалпына келтіру және оларға арық желілерін қосу арқылы ұзындығы 34 км арық желісін қайта құру және салу бойынша жұмыстарды бастау жоспарлануда.

4) Биыл Алмалы ауданының аумағына 2 мыңға жуық ағаштар мен бұталар отырғызылды. Жыл соңына дейін тағы 10 мыңнан астам көшет отырғызылады.   

Жалпы, ауданда 220 мыңға жуық ағаштар мен бұталар бар. Дегенмен, апатты және жағдайы ауыр ағаштар көп. Жасыл қорды жасарту және жаңарту бағдарламасының аясында биыл Алмалы ауданындағы апатты жағдайдағы
700 ағашты кесіп, орнына 7 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

Менің бастамам бойынша биыл алғаш рет аулалардағы апатты жағдайдағы ағаштарды кесе бастаймыз. Қала бойынша 5 мың апатты ағашқа, оның ішінде Алмалы ауданында 800 апатты ағашқа квота белгіленген. Сондықтан тұрғындар аудандық әкімдіктерге өтінім бере алады.

Қала тұрғындары бізге тарихи бірегейлікті сақтап қалу  жұмыстарын жалғастыруды міндеттеп отыр. Өткен жылы ауданның негізгі көшелерінің бойында орналасқан
 12 көппәтерлі тұрғын үйдің фасадтары жаңартылды. Биыл фасадтарды  жөндеу жұмыстарын 3-4 қабатқа дейінгі 44 үйге дейін көбейтеміз.

 

ТӨРТІНШІ.  Қаланың дамуында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып табылады. Ол үшін алдын алу шаралары қабылданады.

2022 жылдың соңына дейін ауданда Сергек камераларының санын 122-ге арттырып, 1 069 бірлікке дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жаппай шоғырлану орындары бойынша қосымша 541 бейнекамера орнатылады, оның ішінде 200-і аулада,118-і саябақтарда/алаңдарда және 223-і қиылыстарда. Бұл ретте, бюджет есебінен бұрын аулаларда камералар орнатылмаған. Қауіпсіздік мәселесінің екінші жағы -  жайлы көше инфрақұрылымын құру. "Vision Zero" аясында ауданның 6 көшесін қайта құру жүргізілуде, оның негізгі мақсаты жолдардағы өлім-жітімді азайту болып табылады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы аяқталатын бағдаршамдардың құрылысы есебінен 6 учаскедегі көлік ағыны реттелетін болады


 Жастар мен қаламыздың болашағы үшін есірткі ерекше қауіп төндіреді. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу үшін өткен жылдың қазан айында қоғам өкілдерімен және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірге «НаркоStop» жобасы басталды.  

Жоба мемлекеттік, қоғамдық және жергілікті деңгейдегі шаралар кешені болып табылады.

Бүгінгі таңда жобаға қатысушылар, яғни 400 волонтердан құралған команда 80 мыңнан астам есірткі жарнамасын бояп өшірді. Полиция қызметкерлері жоба ақпараты бойынша 
24 синтетикалық есірткі таратушыны ұстады. Менің тапсырмам бойынша жоба қаланың басқа аудандарында да қайталануда.

 

БЕСІНШІ. «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша Алмалы ауданына 800 млн. теңге бөлінді. Тұрғындар 153 жоба ұсынды. Дауыс беру және қарау нәтижесінде 2022 жылы іске асыру үшін 39 жоба іріктеп алынды.

 

Анықтама үшін : 21 – аула, 4 - көгалдандыру, 4 - автосуару, 3 – тереңдетілген контейнерлер, 2 – қоғамдық кеңістіктер, 2 – балалар және спорт алаңдары, 2 – резеңке жабынын жаңарту, 1- иттерді серуендететін алаң.

 

 

Аула кеңістігін жаңарту бойынша 21 жоба орындалуда. Бүгін біз балалар және спорт алаңдарын орнату, қоғамдық кеңістіктер құру, көгалдандыру, иттерді серуендететін алаңдар құру жұмыстарын атқарып жатырмыз.

Сондай-ақ, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін
«АЗТМ» скверін (Төле би – Гагарин) және А. Байтұрсынов пен
Ә. Шәріпов көшелерінің ортасындағы «Бөгенбай батыр» бульварын абаттандыру аяқталады.

 

Құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!

Бүгін мен Сіздермен өздеріңіз тұрып жатқан ауданды дамыту жоспарларымен бөлістім. Енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшейік. 

Назарларыңызға рақмет!

 

Дата публикации
23 июня 2022
Дата обновления
23 июня 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы