Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде сөйлейтін сөзі

Құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!

 

Мен Сіздерді бүгінгі кездесуде көргеніме қуаныштымын!

Анықтама үшін: Қазіргі уақытта ауданда 247 740 адам немесе Алматы халқының 12,1%-ті тұрады.

 

Түрксіб ауданы қаланың өнеркәсіптік және көліктік-логистикалық хабы болып табылады. Ол Алматының өнеркәсіп көлемінің төрттен бір бөлігін (24,4%) құрайды. Және жыл сайын 7 млн. жуық адамды әуе көлігімен тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Аудан экономикалық тұрғыдан дамыған. Осы жылдың
5 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіпте (+31,6%), инвестиция тартуда (+34,8%) оң динамика байқалады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 есе ұлғайды.

Ауданда 8 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс істейді. Онда 47 мыңға жуық адам немесе ауданның еңбекке қабілетті халқының үштен бір бөлігі еңбек етеді.

Дегенмен, Түрксіб ауданында инженерлік және тұрғын үй инфрақұрылымы жоғары деңгейде тозған. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңарту, тұрғын үй қорын реновациялау (594 ескі үй), абаттандыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту қажет.

Қазір мен ауданның ең маңызды осы өткір проблемаларына тоқталып өткім келеді.

Бірінші. Қазіргі жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің салынғанына 50 жылдан астам уақыт өтіпті. Бүгінде олар 66%-ке тозған (жылу желілерінің ұзындығы 152,8 км, тозуы 66%, электр желілерінің ұзындығы 1209,2 км, тозуы 67%, сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы 502,7 км, тозуы 56,44%, су бұру желілерінің ұзындығы 220,1 км тозу 70,4%, газ желілерінің ұзындығы 1000,5 км, тозуы 6%).

Жылумен жабдықтау

Қазіргі жұмыс істеп тұрған қазандықтардың тозуына байланысты жыл сайын жоспарлы жөндеу жүргізіледі.

(қазандарды жөндеу, бекіту арматураларын ауыстыру, инженерлік тораптарды тексеру). Осы кезеңде тұрғын үй секторының 90%-не ыстық су беру үшін 10-20 күн дайындық жұмыстары жасалады.

Бұл тұрғындар үшін қолайсыздықтар туғызады. Сондықтан олар  наразылық танытып жатады.

 

Анықтама үшін: Ауданда 934 үйге арналған 43 қазандық, 269 үйге арналған 5 жылу пункті, 1-ЖЭО – 20 үй, АРЭЧ – 6 үй бар.

 

Осы проблеманы шешу үшін қазандықтарды жаңғырту, резервтік қуаттарды қамтамасыз ету мәселесін пысықтап жатырмыз.

 

Сумен қамтамасыз ету және су бұру

Биылғы жылы қалаға қосылған «Әлмерек», «Қайрат», «Нұршашқан» шағын аудандарындағы үйлердің 90%-ті сумен қамтамасыз ету және канализацияның магистарльдық және квартал ішіндегі желілері тартылды. (3,3 мың үй учаскелердің шекарасына дейін 137,2 км). 2,9 мың үйге желілерді тұрғындардың өздері қосып жатыр.

Бүгінгі күні «Әлмерек» шағын ауданындағы үйлер 100%, «Қайрат» шағын ауданындағы үйлер 80%, «Нұршашқан» шағын ауданындағы үйлер 30% қосылған.

 

Анықтама: «Әлмерек» шағын ауданындағы 1 100 үйдің
819-ы қосылған. «Қайрат» 1400 үйдің 1 265-іне сумен қамтамасыз ету  желілері тартылды, 280 абонент қосылды. «Нұршашқан» шағын ауданындағы барлық 821 үйге сумен желілері тартылды.

 

 

2022 жылдың соңына дейін «Жас Қанат» (530 үй, 2 650 тұрғын «Jasyl El Qyrulys» ЖШС) және «Шуақты» (400 абонент, 1500 тұрғын) шағын аудандарында, Закарпатская көшесінде (70 абонент, 260 тұрғын) желілер салынады. Осылайша тағы 1 мың үй қосылады.

 

«Нижняя пятилетка» шағын ауданындағы жұмыстарды 2023 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған (4120 үй, 16 000 тұрғын, «Алвис» ЖШС).

Бұдан басқа, жылдың соңына дейін 8,3 км
11 учаскедегі желілер реконструкцияланады.

«Әлмерек», «Маяк», «Қайрат» шағын аудандарының тұрғындарын орталықтан сумен және су бұру желісімен толық қамту мақсатында қалған 1200 үйлерге желілер салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.  Құрылысты 2023 жылдың II тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз.

 

Электрмен қамтамасыз ету

Электрмен жабдықтау желілері 70%-ке тозған. Салдарынан желілер жиі үзіліп, жарық сөніп жатады.

Әсіресе, қалаға қосылған Қайрат, Әлмерек, Нұршашқан шағын аудандарының желілері әбден тозған. Онда желілер қуатты Талғар аудандық электр станциясынан алады. Ал, станцияның алыс орналасуы электр энергиясының тұрақты берілуіне де кері әсер етеді.

Осы проблеманы шешу үшін «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр. Құрылысы 2022 жылдың желтоқсан айында аяқталады.

Сондай-ақ, 2022 жылдың соңына дейін «Шуақты» шағын аудандағы электр желілері жаңартылады. Сосын аудандағы 26 жердегі жалпы ұзындығы 21,1 км желілерді реконструкциялау аяқталады.

Анықтама: Кожедуба, Гете, Шемякин, Днепропетровская, Заславский, Житомирская, Щелков, Сүйінбай, Майлин, Монтажная, Сейфуллин, Спартак, Сауранбаев, Дегдар, Красногорская, Түркістан, 70-ші разъезд, Ақан Сері, Толстой, Шолохов, Магнитная, Бекмаханов, Беренг, Варшавский, Котельников, Зорге, Тынышпаев.

 

Бұдан басқа, осы жылдың шілде айында «Нұршашқан», «Қайрат» және «Әлмерек» шағын аудандарындағы жұмыстар басталады. Оның ішінде «Нұршашқан» шағын ауданы бойынша жаңғырту жұмыстарын 2023 жылдың маусым айында, «Қайрат» және «Әлмерек» шағын аудандары бойынша – 2023 жылдың желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған.

Екінші. Аудандағы барлық көпқабатты үйлердің жартысы, яғни 594 үй (1229 үйдің 594-і) ескірген. Ауданда қаланың барлық ескі тұрғын үйлерінің 40%-ті орналасқан.

Осы мәселені шешу үшін 2022 жылы 12 ескі үйде тұратын                       96 отбасы 2 жаңа көпқабатты үйге көшірілді.

Анықтама: 114 пәтер, оның ішінде 96 – Түрксіб ауданының қоныс аударушылары, 14 - Жетісу ауданында үйі өртенгендер.

 

211 пәтерлік тағы 8 көпқабатты үй салынуда. 4 үйді 2022 жылдың желтоқсан айында, қалған үйлерді –
2023 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.

 

Үшінші. Жол инфрақұрылымы қанағаттанарлық жағдайда. Ауданда 486 көшенің 439-ы немесе 90%-ті асфальтталған.

1) Осы жылы қалған 47 көшеден 10,2 км 17 көшеге жол төсемінсіз орташа жөндеу жүргізіледі.

Анықтама: Тынышбаев, Щербаков, Сауранбаев, Толстой, Ашхабадская, Булавин, Менжинский тұйық көшелері, Дулатов, Якубов, Аймауытов, Кожедуб көшесі, Чебоксарская, Ержанов тұйық көшелері, Қайрат-4 шағын ауданы.

 

Осы орайда, «Қайрат» және «Әлмерек» шағын аудандарында 2 жылдың ішінде (2023-2024 жылдар) сумен жабдықтау желілері салынады (2-ші кезең), содан кейін асфальт төселеді.

Бұдан басқа, 2022 жылдың желтоқсан айында Құлжа күре жолы – Бұқтырма көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталады.

Жолдарды жайластыру үшін биыл 7 көшеге 5 км тротуар салынады. 65 көшеге тағы 53 км тротуар қажет. Бұл жұмыстар жалғасатын болады.

Жаяу жүргіншілердің Рысқұлов даңғылы мен Ержанов көшесінің бойындағы магистральды темір жол учаскесін қауіпсіз кесіп өтуі үшін биыл қыркүйек айында 2 жерүсті өткелін салуға мемлекеттік сараптама алынады. Жұмыстар
2023 жылдың бірінші тоқсанында басталады.

2) Түрксіб ауданы үшін жаңбыр жауған кезде су басу проблемасы қиындықтар туғызады. 

Осы проблеманы жедел шешу үшін биыл жалпы ұзындығы 5,1 км 64 учаскеде арық салу және реконструкциялау жобалары іске асырылып жатыр.

2023 жылы ұзындығы 44 км 57 көшенің қалған арық жүйесін салу және жөндеу жоспарланған. Осылайша
2023 жылы су басу мәселесін толық шешеміз.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін қалпына келтіріледі, 2 су бұру коллекторы және тұрақты су басудың 10 учаскесі жойылды.

 

Төртінші. Жолдар мен адам көп жиналатын жерлерді бейнебақылау жүйесімен көптеп қамту арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді.

Биыл жолдардағы Сергек аппараттық-бағдарламалық кешендерінің саны 2 есе, яғни 82-ден 160-қа дейін көбейтіледі (желілік учаскелерде 141 аппаратық-бағдарламалық кешен, қиылыстарда 19).

Қосымша 322 бейнебақылау камерасы орнатылады, оның 111-і жол қиылыстарына, 76-сы аулаларға,
18-і парктер мен скверлерге, 90-ы білім беру және денсаулық сақтау объектілеріне, 15-і діни объектілерге, 10-ы базарларға орнатылады.

Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде жоғары жылдамдықтағы интернетке қосу  жұмыстары жалғасуда.

Биыл 342 үй талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылды, оның ішінде Қайрат шағын ауданында - 317 және Әлмерек шағын ауданында – 25 үй.

2022 жылдың соңына дейін 25 мыңға жуық халық тұратын  Баум тоғайы, Нижняя Пятилетка шағын аудандарын қосу жоспарланған.

 

Бесінші. Ауданның әлеуметтік объектілермен қамтамасыз етілуі қаланың басқа аудандарына қарағанда жоғары.  

Білім беру.

Мектептер мен бала бақшалардағы орын тапшылығы жиынтықта 4,2 мың орынды құрайды (1,5 мың - мектеп, 2,7 мың – мектепке дейінгі ұйымдар).

Орын тапшылығын азайту мақсатында білім беру ұйымдарын салу және жөндеу жобалары іске асырылуда.

2022 жылдың желтоқсан айында «Қайрат» шағын ауданындағы 1500 орындық мектеп пен Волочаевская көшесіндегі 300 орындық жеке меншік мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл қазіргі орын тапшылығын толығымен шешеді.

Осы жылдың 3-ші тоқсанында № 59 мектеп-гимназияның жаңа ғимаратын салу басталады.
1939 жылы салынған ескі ғимарат бұзылады. 

Жылдың соңына дейін «Жас Қанат» шағын ауданында 280 орындық бала бақшаның құрылыс жұмыстары қайта басталады (құнын қайта есептеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы түзету. Жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтау мерзімі – 2022 жылғы қыркүйек).

2023 жылдың мамырында Стахановская көшесіндегі
№70 арнайы бөбекжай бала бақшаның ғимаратын сейсмикалық күшейту және 2023 жылдың соңына дейін «Қайрат» шағын ауданындағы 260 орындық бала бақшаның құрылыс жұмыстары аяқталады.

Бүгінгі күні №198 және №195 2 мектептердің 1050 орындық қосымша құрылыстарының және 480 орындық
2 бала бақшаның
құрылысына, №50 мектепті сейсмикалық  күшейтуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Денсаулық сақтау.

Аудандағы 13 денсаулық сақтау мекемесіне 252,5 мың адам тіркелген (оның ішінде 6 стационар және 7 қалалық емхана, сондай-ақ 6 дәрігерлік амбулатория)

Халық санының өсімін ескере отырып, «Нұршашқан», «Әлмерек» шағын аудандарындағы медициналық мекемелерге түсетін жүктеме 2 есе және «Жас Қанат», «Қайрат» шағын аудандарында 1,5 есе ұлғайған.

Биылғы жылы Айбасов көшесіндегі 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның жобалау құжаттамасы әзірленді (2022 жылғы 13 маусымдағы мемлекеттік сараптама).

2022 жылдың 3-ші тоқсанында «Нұршашқан» шағын ауданында 100 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысын бастау жоспарланған. Сондай-ақ, «Әлмерек»  шағын ауданында және РВ-90-да әрқайсысы 200 келушіден тұратын 2 амбулаторияның құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленетін болады.

Сонымен қатар, «Қайрат» шағын ауданында 340 адам қабылдайтын емхананың құрылысына жобалау құжаттамасы әзірленуде (Мемлекеттік сараптама  – 2022 жылғы қазан).

Бұдан басқа, №20 қалалық емхананың дәрігерлік амбулаториясын тұрақты орналастыру үшін 13 әскери қалашықта жалға берілетін ғимарат сатып алынады.  

Спорт. Аудан тұрғындары үшін спорт объектілерін «жақын орналастыру» жұмыстары жалғасуда.

Осы жылдың наурыз айында «Жұлдыз» шағын ауданында бассейні, гимнастика, жекпе-жекпен айналысуға арналған залдары және т.б. бар жеке дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Жылдың соңына дейін «Жас Қанат» шағын ауданында бассейні бар тағы бір спорт кешені іске қосылады.

Осы жылдың қазан айында Майлин көшесіндегі «Авиатор» стадионының және Огарев көшесіндегі Даму және шығармашылық орталықтың аумағында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жоспарланған.

 

Алтыншы. Биыл «Халықтың бюджетке қатысуына» 800 млн. теңге бөлінді.

Тұрғындардың ұсыныстары бойынша 28 жоба іріктеп алынды. Оның ішіндегі ірі объектілер – Сейфуллин мен Рысқұлов даңғылдарының қиылысындағы кіреберісті абаттандыру, Ақкербез көшесіндегі жағалау аймағын реконструкциялау, Майлин көшесі, 54 мекенжайындағы   скверді ұзарту.

Жұмыстар осы жылдың соңына дейін аяқталады.  

Биылғы жылы «Аспан» паркін абаттандыру, Маяк тоғайын күрделі жөндеу, сыртқы жарық желілерін, орындықтарды, Work out алаңдарын орнату жоспарланған.

Қала тұрғындарының демалыс орындарына еркін баруына жағдай жасау мақсатында жылдың басында
«Алтай-1» шағын ауданында жаяу-серуендеу аймағы салынды, 2022 жылдың соңына дейін Молдағалиев көшесінде тағы бір серуендеу аймағын құру жоспарланған.

 

Құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!

Бүгін мен Сіздермен Түрксіб ауданының ең өзекті мәселелерін шешу жолдарымен бөлістім. Енді Сіздердің сұрақтарыңызға көшуді ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
30 июня 2022
Дата обновления
30 июня 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Aудиороликтер
Ақпарат
20 октября 2026
Электрoнды БАҚ
Ақпарат
20 октября 2026
Онлайн платформаларды пайдаланушылар

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы